«ҚАМҚОР»ЖОБАСЫ АЯСЫНДА – «ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ»ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҚАМҚОР»ЖОБАСЫ АЯСЫНДА – «ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ»ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖІ
22
сәуір
2026

«ҚАМҚОР»ЖОБАСЫ АЯСЫНДА – «ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ»ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖІ

2026 жылдың 21 сәуір күні Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Қамқор» жобасына сәйкес «Түлектердің ағаш егуі» атты экологиялық челлендж ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында табиғатқа деген жанашырлық, экологиялық мәдениет және туған жерге деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ «жасыл мектеп» идеясын насихаттау болды.
Аталған челленджге лицей түлектері, педагогтар және мектеп әкімшілігі белсенді түрде қатысып, білім ордасының ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл игі бастама – түлектердің өз мектебіне деген құрметі мен алғысының белгісі ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпаққа қалдырар рухани-экологиялық мұрасы болып табылады. Әрбір отырғызылған көшет – түлектердің жарқын болашағына бағытталған ізгі ниеттің символына айналды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық жауапкершілік тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Адал азамат» тұжырымдамасына сай еңбекқорлық, жауапкершілік, қамқорлық сияқты маңызды құндылықтар дәріптелді. Оқушылар табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын терең түсінді.
Бұл эко-челлендж – «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын экологиялық тәрбие берудің нақты көрінісі. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғатқа деген құрмет және әлеуметтік жауапкершілік қалыптасады.
🌱 Табиғатты аялау – әрбір азаматтың қасиетті борышы!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив