ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ
14
сәуір
2026

ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әр буын оқушыларына арналған мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген жұмыстардың басты мақсаты – білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қауіпсіз өмір салтын насихаттау және тұлғалық дамуына бағыт беру.
🔹 1-4 сынып оқушылары үшін
«ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында «Бірге ойна, ренжітпе!» тақырыбында буллингтің алдын алуға бағытталған тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушыларға достықтың қадірі, бір-біріне құрметпен қарау, жанашырлық таныту, өзгеге зиян келтірмеу сияқты маңызды құндылықтар кеңінен түсіндірілді. Балалар түрлі ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы дұрыс қарым-қатынас орнатудың жолдарын үйренді.
Қауіпсіздік сабағында «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақпен эксперименттер» тақырыбы аясында дұрыс тамақтану мәдениеті мен денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алу жолдары айтылды. Сонымен қатар, «Автобуста, трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру» тақырыбында жол жүру ережелері түсіндіріліп, қоғамдық көлікте өзін ұстау мәдениеті қалыптастырылды.
🔹 5-8 сынып оқушылары үшін
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға ғарыш әлемі, қазақ елінің ғарыш саласындағы жетістіктері, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихи маңызы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Бұл сабақ оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ел тарихына деген құрметін нығайтты.
Қауіпсіздік сабағында «Көшедегі қауіпсіз ойын алаңының қағидалары» тақырыбы қарастырылып, балаларға өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз ортада ойнаудың маңыздылығы түсіндірілді.
🔹 9-11 сынып оқушылары үшін
«Еңбекқорлық – болашағыңның негізі» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты аясында жастарды адал еңбекке, табандылыққа, жауапкершілікке баулу көзделді. Оқушылармен болашақ мамандық, мақсат қою, еңбек арқылы жетістікке жету жолдары талқыланып, өмірлік маңызды құндылықтар дәріптелді.
Қауіпсіздік сабағында «Күмәнді манипуляцияларға ұшырамаудың жолдары» тақырыбы қозғалып, жасөспірімдерге ақпараттық қауіпсіздік, алаяқтық әрекеттерден сақтану, сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары жан-жақты түсіндірілді.
✨ Аталған іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, олардың тұлғалық қалыптасуына, қауіпсіздік мәдениетін меңгеруіне және рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруіне зор ықпал етті.
✨ Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, саналы, жауапты, ел болашағына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсатымыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив