Іс-шаралар » Страница 8 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
20
қазан
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
Лицейде құқықтық сағаттар мен кездесу ұйымдастырылды. Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  лицейімізде ДТІЖО Н. Р. Дусметова  және мектеп инспекторы Шакалак Жандаулет оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырды. Мектеп инспекторымен және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп құқықтық сағаттар өткізілді.
«ӘКЕМЕН БІР КҮН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
17
қазан
2025
«ӘКЕМЕН БІР КҮН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Әкемен бір күн» – отбасы құндылығының айнасы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде» ДТІЖО А.Р. Жарықбасовтың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкемен бір күн» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасындағы әке тұлғасының тәрбиелік рөлін нығайту, жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру. Кездесу барысында оқушылар мен әкелер еркін пікір алмасып,
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ “ АПТАЛЫҒЫ
17
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ “ АПТАЛЫҒЫ
“Ұлыстың ұлы қазынасы – тілі мен әдебиеті” апталығы аясында іс-шара өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында “Салт-дәстүр – қазақтың рухани байлығы” атты танымдық іс-шара өтті. Мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын таныту, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру. Іс-шараны ұйымдастырған:  А.А. Туйешиева  М.З. Мажитбекова  Д.Ж. Байжанова  Г. Н.Халбаева
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫ
17
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫ
                   15.10.2025 Ө.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейде “Ұлттың ұлы қазынасы - тілі мен әдебиеті” әдістемелік апталығында жоғары сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында О.Қарабалинаның “ Ұстаз бақыты” шығармасынан сахналық қойылым көрсетті.     Оқушылар ұстазына деген сүйіспеншілік, құрмет және алғыс сезімдерін өте табиғи жеткізді. Олардың әңгімелері, монологтары мен әрекеттері арқылы ұстаздың тек сабақ ғана емес, тәрбие мен жан
“ ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ
15
қазан
2025
“ ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ
  «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде еңбек пен ізгілікті дәріптейтін ерекше шара – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылып, бастауыш буын – 1–4 сынып оқушыларының қолынан шыққан ерекше туындылар көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл жәрмеңке – тек әдемі бұйымдар көрмесі ғана емес, ең алдымен еңбекқорлық, адалдық, ұжымдық
“ АБАЙ ОҚУЛАРЫ “ АТТЫ РУХАНИ КЕШ
15
қазан
2025
“ АБАЙ ОҚУЛАРЫ “ АТТЫ РУХАНИ КЕШ
    Бүгін  Шымкент қаласы Білім Басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейінде  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының "Ұлттың ұлы қазынасы- тілі мен әдебиеті"атты әдістемелік апталығының қарсаңында орта буын оқушылары арасында" Абай оқулары" атты рухани  әдеби кеші өтті. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнероликтер көрсетіліп, түрлі тақырыптарда өлеңдері оқылды. Абай өлеңдерін оқуға өзге ұлт өкілдерінің оқушылары да атсалысты.   Сонымен қатар оқушыларымыз  ақынның әндерін де
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
15
қазан
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде "Адал азамат біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында сынып сағаттары өтті 13 қазан күні лицейімізде барлық 1-11 сыныптарда тәрбиелік және қауіпсіздік бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, әр деңгейде өзекті тақырыптар қамтылды.  1–4 сыныптар Тақырып: «ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!» Кішкентай бүлдіршіндер достық пен сыйластықтың мәнін түсініп,
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
15
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында осы атаумен әдістемелік апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталық «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың рухани дүниесін байытуға, тіл мен сөз мәдениетін дәріптеуге бағытталды.  Бұл – тек пән апталығы емес, қазақ тілінің құдіретін сезіндіріп, әдебиет арқылы адалдық пен адамгершілікке тәрбиелейтін рухани мереке! Тіліміз – ұлттың жаны, әдебиетіміз – сол жанның үні. Сол үн әр жүректе жаңғырып,
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ" апталығы
15
қазан
2025
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ" апталығы
       10.10.2025 күні 9 "Ғ" сыныбында Кененбаев Нұрлан Исаевич өткізген «Әлихан Бөкейханов – Алаш партиясының лидері» тақырыбындағы сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалім тарихи деректерді жүйелі түрде түсіндіріп, оқушылардың ойлау, талдау қабілеттерін дамытуға назар аударды. Сабақта топтық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері тиімді қолданылып, оқушылар белсенділік танытты. Тақырып тәрбиелік, тарихи тұрғыдан терең ашылды.
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ“ АПТАЛЫҒЫ
15
қазан
2025
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ“ АПТАЛЫҒЫ
                 10.10.2025 күні 8 "Г" сыныбында Дуйсенбаева Гулнара Даулетовна өткізген «Бірінші дүниежүзілік соғыс» тақырыбындағы сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұғалім тарихи деректерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсынды, тақырыпты талдауда сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді қолданды. Оқушылар белсенді қатысып, тарихи оқиғаларға талдау жасап, өз көзқарастарын білдіре алды. Сабақ мақсатына толық жетті.