15
қазан
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде "Адал азамат біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында сынып сағаттары өтті 
13 қазан күні лицейімізде барлық 1-11 сыныптарда тәрбиелік және қауіпсіздік бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, әр деңгейде өзекті тақырыптар қамтылды.
Тақырып: «ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!»
Кішкентай бүлдіршіндер достық пен сыйластықтың мәнін түсініп, бір-біріне құрметпен қараудың маңызын ұғынды.
Қауіпсіздік сабағы (10 минут):
– «Дүкендегі, супермаркеттегі мінез-құлық қағидалары»
– «Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы» (ЖЖЕ №2)
Тақырып: Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл
Оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның адамгершілік пен білімге үндейтін өсиеттерін талқылады.
Қауіпсіздік сабағы (10 минут):
– «Интернеттегі қауіптер»
– «Автомобильдегі медициналық қобдиша» (ЖЖЕ №2)
Тақырып: «Ойынға салауатты көзқарас» (лудомания)
Жоғары сынып оқушылары арасында ойынға тәуелділік, уақытыңды тиімді пайдалану, өзін-өзі дамыту тақырыптары қозғалды.
Қауіпсіздік сабағы (10 минут):
– «Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білу»
Бұл іс-шаралар «Адал азамат» және «Қауіпсіз тұлға» құндылықтарын қалыптастыруға бағытталып, Біртұтас тәрбие бағдарламасы мақсаттарымен үйлесімді жүргізілді.





