15
қазан
2025
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ“ АПТАЛЫҒЫ

10.10.2025 күні 8 "Г" сыныбында Дуйсенбаева Гулнара Даулетовна өткізген «Бірінші дүниежүзілік соғыс» тақырыбындағы сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұғалім тарихи деректерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсынды, тақырыпты талдауда сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді қолданды. Оқушылар белсенді қатысып, тарихи оқиғаларға талдау жасап, өз көзқарастарын білдіре алды. Сабақ мақсатына толық жетті.