15
қазан
2025
“ ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде еңбек пен ізгілікті дәріптейтін ерекше шара – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылып, бастауыш буын – 1–4 сынып оқушыларының қолынан шыққан ерекше туындылар көпшіліктің көңілінен шықты.
Бұл жәрмеңке – тек әдемі бұйымдар көрмесі ғана емес, ең алдымен еңбекқорлық, адалдық, ұжымдық рух пен өз еңбегін құрметтеу сынды қасиеттерді бала бойына сіңіруге бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болды. Оқушылар өз қолымен жасаған түрлі бұйымдарын, әсем безендірілген табиғи материалдардан жасалған жұмыстарын ұсынды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады!
Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі 