20
қазан
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
Лицейде құқықтық сағаттар мен кездесу ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты лицейімізде ДТІЖО Н. Р. Дусметова және мектеп инспекторы Шакалак Жандаулет оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырды. Мектеп инспекторымен және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп құқықтық сағаттар өткізілді.
Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат беру.
Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Ерте жүктілік мәселесіне қатысты білімдерін арттыру, жауапкершілік сезімін ояту.
Қоғамдық, құқықтық және адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, зорлық-зомбылықтан қорғанудың нақты әдістерін білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас ұрпақта дұрыс мінез-құлық, жауапкершілік, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға септігін тигізеді.



