17
қазан
2025
«ӘКЕМЕН БІР КҮН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Әкемен бір күн» – отбасы құндылығының айнасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде» ДТІЖО А.Р. Жарықбасовтың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкемен бір күн» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасындағы әке тұлғасының тәрбиелік рөлін нығайту, жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру.
Кездесу барысында оқушылар мен әкелер еркін пікір алмасып, өмірлік тәжірибелермен бөлісті. Балалар өз әкелеріне деген сүйіспеншілігін өлең жолдары мен әсерлі әңгімелер арқылы жеткізді.
Осындай мазмұнды кездесулер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі құндылықтарын насихаттай отырып, отбасылық байланыс пен рухани бірлікті арттыруға сеп болады.
Іс-шара соңында қатысушылар:
«Әке – ұлттың тірегі, отбасының жүрегі»
деген тұжырыммен түйіндеді.


