17
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫ
15.10.2025 Ө.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейде “Ұлттың ұлы қазынасы - тілі мен әдебиеті” әдістемелік апталығында жоғары сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында О.Қарабалинаның “ Ұстаз бақыты” шығармасынан сахналық қойылым көрсетті.
Оқушылар ұстазына деген сүйіспеншілік, құрмет және алғыс сезімдерін өте табиғи жеткізді. Олардың әңгімелері, монологтары мен әрекеттері арқылы ұстаздың тек сабақ ғана емес, тәрбие мен жан жылылығын беретін екендігі айқын байқалды.
Мұғалімдердің орындауында болса, білім беру жолындағы киял, махаббат, тағдырлы шешімдер мен күнделікті еңбектің маңызы терең жеткізілді. Олардың сөздері мен әсері көрермендерді ойға батырды.
Бұл спектакль ұстаз мамандығының қадір-қасиетін, оның балалардың өміріндегі рөлін тамаша көрсетіп, қаһарман ардагерлеріміздің ерлігін дәріптеп, көрермендерге шынайы әсер мен жылы сезімдер сыйлады.






