ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ
Шымкент білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, сауаттылықты дамыту, әрі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында іс-шара өткізілді. Ұлттық диктант – жастарды тілге ұқыптылықпен қарауға, сауатты жазуға үйретеді. Ал өзге ұлт өкілдері үшін бұл шара — қазақ халқының мәдениетіне жақындаудың, тіл арқылы бірлікті нығайтудың жолы. Осылайша, бұл іс-шара еліміздегі ұлттар достығын нығайтып, қоғамдық келісім мен