“ ЖАС ҚЫРАН “ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ ЖАС ҚЫРАН “ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ
23
қазан
2025

“ ЖАС ҚЫРАН “ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ



«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті! 🇰🇿✨
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде Ұлттық мереке — 25 қазан «Республика күні» қарсаңында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ерекше маңызы бар патриоттық іс-шара – «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – тәуелсіз еліміздің мәртебесін, елдік рух пен азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін қастерлі мереке. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, елжандылық және адалдық құндылықтарын қалыптастыру, сонымен қатар олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымын нығайту болды.
🌟 Салтанатты жиын барысында лицейіміздің үлгілі, белсенді оқушылары «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Бұл – олардың жауапкершілік пен адалдыққа, білім мен еңбекті жоғары қоюға деген алғашқы қадамының символы.
🕊️ Әнұран шырқалып, жас қырандардың ант беру сәті қатысушыларды рухтандырып, Отанға адал қызмет ету мен ел болашағына үлес қосуға деген сенімін арттырды.
💫 Мұндай тағылымды шаралар «Адал  азамат  біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асып, өскелең ұрпақтың ұлттық рухын, еңбекқорлығын және азаматтық белсенділігін қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив