ЛИЦЕЙ КӨШБАСШЫСЫН САЙЛАУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қазан
2025

ЛИЦЕЙ КӨШБАСШЫСЫН САЙЛАУ




   Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 ІТ  лицейімізде маңызды демократиялық шара – Лицей парламенті көшбасшысын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды өзін-өзі басқаруға баулу, қоғамдық белсенділігін арттыру, пікір айту және шешім қабылдау мәдениетін дамыту болып табылады.
🗳 Сайлауға лицейдің жоғары сынып оқушылары белсенді қатысты. Әр үміткер өз бағдарламасын таныстырып, лицей өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларын ұсынды.
📊 Дауыс беру нәтижесі:
🩵 Абдукаримова  Дариға—  (4,7%)дауыс 
💛 Сағындық Бекарыс —  (12,9%)дауыс
💜 Исмаилова Севгилина —  (30,6%)дауыс
💚 Елшібек Камалия —  (41,2%)дауыс
✨ Жеңімпаз — Елшібек Камалия!
Ол оқушылардың зор сеніміне ие болып, Лицей парламентінің жаңа көшбасшысы атанды! 👏
Бұл сайлау — жас буынның елжандылық, әділдік, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыратын тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды.
📘 Оқушылар өз таңдауы арқылы:
🗣 пікір білдіру мәдениетін үйренді;
🤝 әріптестік пен бірліктің құндылығын түсінді;
🕊 әділ шешім қабылдаудың маңызын сезінді.
💐 Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!
📣 Ал жаңа президентіміз Камалияға шығармашылық табыс, тың идеялар мен сәтті жобалар тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив