«ҚЫРАН ЕЛІМ- ҚАЗАҚСТАНЫМ !»ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҚЫРАН ЕЛІМ- ҚАЗАҚСТАНЫМ !»ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ
23
қазан
2025

«ҚЫРАН ЕЛІМ- ҚАЗАҚСТАНЫМ !»ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ


Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде Республика күні мерекесіне арналған рухты іс-шара – «Қыран елім – Қазақстаным!» атты патриоттық акциясы өтті. Бұл бастама ел бірлігін, тәуелсіздік рухын және жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін дәріптеуді мақсат етті.
Акция аясында білім ұйымдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні жаппай орындалды. Бұл сәт – әрбір оқушы мен ұстаздың жүрегін мақтаныш сезіміне бөлеген ерекше әсерлі көрініске айналды. Гимннің әуені мен қуатты сөздері арқылы барша қатысушылар еліміздің Тәуелсіздігіне, бейбіт аспанына, бірлігі мен өркендеуіне деген сүйіспеншілігін білдірді.
🌟 «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы – ел мерейін асқақтатып, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама. Мұндай шаралар – Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында жүргізіліп жатқан патриоттық және рухани құндылықтарды дәріптеудің айқын көрінісі.
💙 Егемен еліміздің символына айналған көк туымыз желбіреп, гимніміз асқақтата шырқалған бұл күн – әр жүректе мақтаныш пен бірлік рухын оятты!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив