23
қазан
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ
«Отаным менің – Қазақстан» / «Моя Родина – Казахстан» республикалық эссе байқауы 

«Республика күні» мерекесін ұйымдастыру жоспарына сай Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміздің жоғары сынып оқушылары еліміздің болашағына деген сүйіспеншілігін, елге деген мақтанышын сөз өнері арқылы паш етті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Отаным менің – Қазақстан» / «Моя Родина – Казахстан» тақырыбындағы эссе жазу байқауы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық рухын оятуға және туған жерге деген құрмет сезімін нығайтуға бағытталды.
Бұл байқау жас ұрпақтың ел тарихы, мәдениеті мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы ой-толғанысын көркем сөз арқылы жеткізуіне мүмкіндік берді. Әрбір қатысушы өз шығармасында туған жерге деген ыстық ықыласын, ел бірлігінің мәнін және болашаққа сенімді көзқарасын шынайы сезіммен өрнектеді.


