20
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ

Бүгін лицейімізде “Ұлттың ұлы қазынасы – тілі мен әдебиеті” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытынды кеші өтті. Апталық барысында оқушылар өздерінің тілге, әдебиетке деген құрметін, шығармашылық қабілеттерін, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Іс-шара барысында түрлі байқаулардың жеңімпаздары марапатталып, өнерлі оқушылар тамаша көріністер мен өлең-жырлар орындады.
Апталықты жоғары деңгейде ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.










