ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қазан
2025

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Лицейімізде – «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясындағы тағылымды күн! 🇰🇿
Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күніне арналған тағылымы терең  сынып сағаттары өткізілді. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, халық бірлігін дәріптейтін айрықша мереке.
🟢 9-11-сынып оқушылары «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты мазмұнды сынып сағатын өткізіп, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеді. Сонымен қатар, «Күмәнді манипуляцияларға ұшырамаудың жолдары» тақырыбында қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылып, оқушылар интернеттегі алаяқтық пен күмәнді ақпараттардан қорғану жолдарын талқылады.
🟡 5-8 сыныптарда «Қазақстан – ортақ үйіміз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Балалар Отан ұғымының мәнін ұғынып, өз елін, жерін сүюдің, бейбітшілікті қадірлеудің маңызын талқылады. Сондай-ақ, қауіпсіздік сабағында «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады?» (электрощиттер мен белгісіз заттар) тақырыбы қозғалып, өмір қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
🟣 1-4 сынып оқушылары да белсенділік танытып, «Республикам – мақтанышым!» атты тәрбие сағатын ерекше шабытпен өткізді. Балғын бүлдіршіндер еліміздің рәміздері туралы біліп, патриоттық өлеңдер мен тақпақтар айтты. Ал қауіпсіздік сабағы барысында «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақпен эксперименттер» тақырыбында қызықты тәжірибелік тапсырмалар орындалды.
🌟 Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық, адалдық, еңбекқорлық және жауапкершілік сияқты біртұтас тәрбие құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Мерекелік рух пен білім, қауіпсіздік сабақтарының үйлесімі – өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив