Іс-шаралар » Страница 5 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫ
14
қараша
2025
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫ
Математика, информатика және физика пәндері бойынша әдістемелік онкүндік аясында 10 «Ә» сыныбында «Информатика әлеміндегі миссия» тақырыбында танымдық ойын-сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар қызықты тапсырмалар орындап, өздерінің логикалық ойлау қабілеттері, тапқырлығы және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Ойын түрінде ұйымдастырылған бұл сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, командалық рух пен ынтымақтастықты дамытуға зор мүмкіндік берді. Іс-шараны жоғары
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП -ҚОҒАМНЫҢ ТҰҒЫРЫ
14
қараша
2025
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП -ҚОҒАМНЫҢ ТҰҒЫРЫ
Прокуратура ардагерімен және аға прокурормен кездесу Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 10-сынып оқушыларының қатысуымен ел игілігі жолында адал қызмет етіп, қоғамда әділдік пен заңдылықтың сақталуына зор үлес қосып жүрген тұлғалармен мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге Прокуратура ардагері, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Ержаппар Берден Ержаппарұлы және
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ
14
қараша
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті! 12.11.2025 жыл күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мәжіліс залында ерекше толқу мен қуанышқа толы сәттер орын алды. 5-сынып оқушылары еліміздің мақтанышы — болашақ адал азамат , отаншыл жас өрендер қатарын толықтырды. Оқушылар көк туымыздың түсіндей көгілдір галстуктерін тағып, «Жас ұлан» антын қабылдап, туған еліне
ҚАМҚОР ЖОБАСЫ
14
қараша
2025
ҚАМҚОР ЖОБАСЫ
   Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9  ІТ лицейімізде  «Адал азамат біртұтас тәрбие жоспарына сай ДТІЖО Н.Р. Дусметова, аға тәлімгер Э.Ж. Султанбаева, педагог-ұйымдастырушы М.Б. Үсен және лицейіміздің  ата-аналары, ұстаздары  мен мобильдік тобы оқушыларымызбен  бірлесе отырып, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсету шарасын ұйымдастырды. Жинақталған ұзақ мерзімге жарамды азық-түліктер, кеңсе заттары, сондай-ақ жылы киімдер мұқтаж отбасыларға
“ҰСТАЗ-АНА” КӨРКЕМ ФИЛЬМІ
14
қараша
2025
“ҰСТАЗ-АНА” КӨРКЕМ ФИЛЬМІ
«Ұстаз – Ана» көркем фильмі-мейірім мен өнегенің бейнесі Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының бастамасымен, «Мейрам Академиясы» киностудиясы түсірген «Ұстаз – Ана» атты тәрбиелік мәні зор фильмді көру шарасы Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде өткізілді.  Өткізілген күні: 10 қараша 2025 жыл Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздың шәкірт өміріндегі орны мен тәрбиелік рөлін терең ұғындыру, оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметі мен ризашылық сезімін арттыру болды. Фильм
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
14
қараша
2025
МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Бүгін 10.11.25 ж. «Математика, информатика және физика апталығының” ашылуы болды. Апталықтың мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденісін қолдау және жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру. Қызықты есептер, логикалық ойындар, технологиялық жарыстар мен физикалық тәжірибелер жасалды. Ұйымдастырушылар: Математика, информатика және физика кафедрасы
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
14
қараша
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
15 қараша – Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаттары өтті Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күніне орай барлық сыныптарда тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың еліміздің тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі – теңге тарихына деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу және экономикалық сауаттылығын дамыту болды.  1–4 сыныптарда
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
14
қараша
2025
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
«АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізілді Шымкент қаласы білім  басқармасына  қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндірме–ақпараттық жұмыс өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мамандары қатысып, оқушылар мен педагогтарға маңызды мәліметтермен бөлісті. Кездесу барысында мамандар: АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша
“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ” ДЕБАТ
14
қараша
2025
“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ” ДЕБАТ
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» – ақпараттық сауаттылық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шара 06 қараша 2025 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты алдын алу шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениет, кибергигиена және медиа сауаттылық бағытындағы білімдерін арттыру, интернет кеңістігінде өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға
ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ ЭКСКУРСИЯ
14
қараша
2025
ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ ЭКСКУРСИЯ
«Ашық есік күні» – Жасөспірімдердің патриоттық рухын қалыптастырудың жарқын үлгісі! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, әскери-патриоттық сана-сезімін қалыптастыру және жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында «Ашық есік күні» аясында әскери бөлімге мазмұнды экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараны АӘД педагог ұйымдастырушысы Сарсенбеков Б.С. үйлестірді. Экскурсия барысында лицей