АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
14
қараша
2025

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ

«АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізілді
Шымкент қаласы білім  басқармасына  қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндірме–ақпараттық жұмыс өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мамандары қатысып, оқушылар мен педагогтарға маңызды мәліметтермен бөлісті.
Кездесу барысында мамандар:
АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралу жағдайы,
Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) мен ЖИТС туралы түсінік,
Аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары,
Антиретровирустық терапияның маңызы мен әлеуметтік қолдау бағыттары туралы
кеңінен ақпарат берді.
Мақсат — жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын, өзін және өзгені қорғау мәдениетін қалыптастыруды, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдарға деген толеранттылық пен адамгершілік көзқарасты нығайтуды көздеді.
Мамандар өз сөзінде АИТВ — қазіргі заманның өзекті мәселесі екенін, бірақ бұл аурумен күрестің ең басты құралы — сауаттылық, ақпараттылық және қоғамдағы түсіністік екенін атап өтті. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен өмір сүріп жүрген адамдардың құқықтарын құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу – баршамыздың ортақ міндетіміз екені айтылды.
Кездесу соңында қатысушыларға «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес шараларын жалғастыру, күшейту» жөнінде үндеу жасалып, ақпараттық материалдар таратылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив