“ҰСТАЗ-АНА” КӨРКЕМ ФИЛЬМІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ҰСТАЗ-АНА” КӨРКЕМ ФИЛЬМІ
14
қараша
2025

“ҰСТАЗ-АНА” КӨРКЕМ ФИЛЬМІ


«Ұстаз – Ана» көркем фильмі-мейірім мен өнегенің бейнесі
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының бастамасымен, «Мейрам Академиясы» киностудиясы түсірген «Ұстаз – Ана» атты тәрбиелік мәні зор фильмді көру шарасы Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде өткізілді.
📅 Өткізілген күні: 10 қараша 2025 жыл
Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздың шәкірт өміріндегі орны мен тәрбиелік рөлін терең ұғындыру, оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметі мен ризашылық сезімін арттыру болды.
Фильм барысында оқушылар мейірімділік, адамгершілік, ізгілік пен алғыс сияқты мәңгілік құндылықтардың маңызын сезініп, әрбір ұстаздың еңбегі мен аналық қамқорлығының қоғамдағы ерекше орнын түсінді.
Көрсетілім соңында оқушылар мен мұғалімдер фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, ұстаз еңбегінің қадір-қасиеті жөнінде жылы лебіздер айтты.
✨ Бұл тәрбиелік іс-шара жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мейірім мен құрмет мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив