ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП -ҚОҒАМНЫҢ ТҰҒЫРЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП -ҚОҒАМНЫҢ ТҰҒЫРЫ
14
қараша
2025

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП -ҚОҒАМНЫҢ ТҰҒЫРЫ

Прокуратура ардагерімен және аға прокурормен кездесу
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 10-сынып оқушыларының қатысуымен ел игілігі жолында адал қызмет етіп, қоғамда әділдік пен заңдылықтың сақталуына зор үлес қосып жүрген тұлғалармен мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге Прокуратура ардагері, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Ержаппар Берден Ержаппарұлы және Әл-Фараби ауданы бойынша аға прокурор Исакова Жанна Алимжановна арнайы шақырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік, адалдық, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет сынды құндылықтарды бойларына дарыту, сонымен қатар құқық қорғау саласының қоғамдағы маңызды рөлін түсіндіру болды.
Кездесу барысында Ержаппар Берден Ержаппарұлы өзінің өмір жолы мен еңбек қызметіндегі қызықты сәттермен бөлісіп, прокурор мамандығын таңдаудағы себептерін, қоғам алдындағы жауапкершіліктің мәнін кеңінен әңгімеледі. Ол жас ұрпаққа адалдық пен әділдікті өмірлік ұстаным ету, жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардабы, заңды сыйлаудың азаматтық борыш екенін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде Исакова Жанна Алимжановна да қазіргі таңда прокурор мамандығының қоғамдағы рөліне тоқталып, заң бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты баяндады. Әсіресе жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қасиетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген мазмұнды, өзекті сұрақтар қойылды. Олар прокурор мамандығының қиындықтары мен артықшылықтары, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді тәсілдері, әділ шешім қабылдаудың жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты. Қонақтар әрбір сұраққа нақты, өмірлік тәжірибеден алынған мысалдармен толыққанды жауап беріп, оқушыларды ойландырар, өнеге алар дәрежеде түсіндірме жүргізді.
Бұл кездесу оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызын терең ұғынуға, әділдік пен жауапкершіліктің қоғамдағы орнын түсінуге үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жас буынның бойында отансүйгіштік рухты, елге адал қызмет ету ниетін оятуға, кәсіби бағыт-бағдар алуына ықпал етті.
Мұндай мазмұнды кездесулер – оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуда, азаматтық көзқарасын бекітуде үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив