РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ
14
қараша
2025

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ


«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті! 🇰🇿
12.11.2025 жыл күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мәжіліс залында ерекше толқу мен қуанышқа толы сәттер орын алды. 5-сынып оқушылары еліміздің мақтанышы — болашақ адал азамат , отаншыл жас өрендер қатарын толықтырды. Оқушылар көк туымыздың түсіндей көгілдір галстуктерін тағып, «Жас ұлан» антын қабылдап, туған еліне адал болуға, Отанын сүюге, білімге ұмтылуға ант берді. 💙
Бұл салтанатты рәсімнің мақсаты — жас буынның бойында елжандылықты, патриоттық рухты, адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру. «Жас ұлан» ұйымына қабылдану – әрбір оқушының өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық кезең.
Іс-шараны  ұйымдастырған ДТІЖО Н.Р.Дусметова, аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева,сондай-ақ 5-сынып жетекшілері мен ата-аналарға алғыс білдіреміз. Олардың ұжымдық еңбегі – оқушылар бойындағы елжандылықтың, бірліктің және еңбексүйгіштіктің жарқын көрінісі болды. 🌺
Жаңа қабылданған жас ұландарымызға биік армандар, үлкен мақсаттар мен табыстар тілейміз!
Туған елінің даңқын арттырар адал ұландар болыңдар!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив