“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ” ДЕБАТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ” ДЕБАТ
14
қараша
2025

“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ” ДЕБАТ

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» – ақпараттық сауаттылық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шара 💻
06 қараша 2025 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты алдын алу шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениет, кибергигиена және медиа сауаттылық бағытындағы білімдерін арттыру, интернет кеңістігінде өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға баулу.
Шараны дебат жетекшісі М.Оспанова және А.Әбдісейіт ұйымдастырып, оны мүдделі мемлекеттік органдардың (ІІД және басқа да құрылымдардың) мамандарымен бірлесіп өткізді. Іс-шара аясында оқушылармен пікірталас, ашық сұхбат және интерактивті ойын түрінде кездесулер ұйымдастырылды.
Мамандар балаларға интернеттегі алаяқтық түрлері, фейк ақпаратты тану жолдары, жеке деректерді қорғау тәсілдері туралы нақты мысалдар келтіріп, әлеуметтік желілерде өзін ұстау мәдениеті жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар «кибербуллинг», «интернет-тәуелділік», «ақпараттың сенімді көздері» секілді өзекті тақырыптарда сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Бұл шара жасөспірімдерге цифрлық кеңістікте сана мен сын тұрғысынан ойлауды, этикалық жауапкершілікті және өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға зор мүмкіндік берді. Оқушылар интернетті тиімді әрі қауіпсіз қолданудың маңызын түсінді, әрбір ақпаратты талдап қабылдау дағдыларын дамытты.
Іс-шара «Адал азамат  біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Жауапкершілік пен саналық», сондай-ақ «Қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті» бағыттарымен тығыз байланыста өтіп, лицей оқушыларының заманауи ақпараттық ортадағы мінез-құлық мәдениетін нығайтуға негіз болды.
🌐 Бұл кездесудің негізгі құндылығы – оқушылардың тек цифрлық білімді меңгеріп қана қоймай, ақпарат әлемінде қауіпсіз әрі саналы тұлға болып қалыптасуына жол ашуы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив