ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ ЭКСКУРСИЯ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қараша
2025

ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ ЭКСКУРСИЯ

«Ашық есік күні» – Жасөспірімдердің патриоттық рухын қалыптастырудың жарқын үлгісі! 🇰🇿
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, әскери-патриоттық сана-сезімін қалыптастыру және жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында «Ашық есік күні» аясында әскери бөлімге мазмұнды экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараны АӘД педагог ұйымдастырушысы Сарсенбеков Б.С. үйлестірді.
Экскурсия барысында лицей оқушылары еліміздің Қарулы Күштерінің құрылымы, сарбаздардың күнделікті қызметі мен әскери техника үлгілерімен танысты. Балалар әскери өмірдің қатаң тәртібі, жауынгерлік дайындық, әскери анты мен борыш ұғымының маңызын сезіне білді. Әскери қызметшілер жасөспірімдерге патриоттық рухтағы тағылымды әңгімелер айтып, Отан алдындағы жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтті.
Бұл шара оқушылардың бойында «Отанға деген сүйіспеншілік», «жауапкершілік», «борыш пен ерлік» сияқты құндылықтарды қалыптастырып, әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, жасөспірімдер өздерін тәртіпке, бірлікке және ұйымшылдыққа баулитын ортада болудың мәнін ұғынды.
Мұндай мазмұнды іс-шаралар «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтіп, өскелең ұрпақты елін, жерін, халқын сүюге, ел қауіпсіздігі мен бейбітшілігін сақтауға дайын патриот азамат болып тәрбиелеуге бағытталған.
✨ Іс-шара жас ұландықтардың рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін нығайтты. «Елі үшін қызмет ету – ең үлкен ерлік!» деген ұстаным оқушылар жүрегінде ерекше әсер қалдырды. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив