КӨРІСУ КҮНІ -АМАЛ МЕРЕКЕСІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде "Көрісу күні – Амал мерекесі" кең көлемде аталып өтті.Мерекелік іс-шара лицей басшысы Г.С. Абилдаеваның жүрекжарды құттықтау сөзімен бастау алып, ұжым мен оқушылар Наурыз мерекесінің тарихи мәні мен тағылымы кеңінен түсіндірілді. Лицей басшысы өз сөзінде Көрісу күні – халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ерекше дәстүрлерінің бірі екенін атап өтіп, бұл күн адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақжарма тілектер айтып, бірлік