ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
17
наурыз
2026

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Шымкент қаласы білім басқармасының хатына сәйкес Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу мақсатында  арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған шаралардың негізгі мақсаты – оқушылар арасында көлік және әуе қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ соңғы уақытта кең таралып жатқан лазерлік құрылғыларды заңсыз әрі қауіпсіздік талаптарына сай емес қолданудың қауіптілігі туралы кеңінен түсіндіру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға лазерлік құрылғыларды орынсыз пайдаланудың қоғамдық қауіпсіздікке, әсіресе көлік және әуе қозғалысына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Мамандар мұндай әрекеттердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін, сондай-ақ заң талаптарына қайшы келетінін атап өтті.
Түсіндіру жұмыстары сынып сағаттары, арнайы дәрістер, ақпараттық бейнероликтер көрсету және пікір алмасу форматында өткізілді. Сынып жетекшілері мен мұғалімдер  оқушыларға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану, кез келген құрылғыны жауапкершілікпен пайдалану қажеттігі туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар оқушыларға  заң талаптарын сақтау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілікті сезіну әрбір азаматтың басты міндеті екені айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қоғамдағы тұрақтылық пен адамдардың амандығын қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін түсінді.
Осындай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және қоғамдағы жауапкершілік сезімін нығайтуға үлкен ықпал етеді.
Лицейімізде оқушылардың  қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған мұндай тәрбиелік және ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив