17
наурыз
2026
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 160 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ТАНЫМДЫҚ ІС- ШАРА
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай 5-сынып оқушыларымен танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы мен қоғамдық қызметі туралы мәлімет беру, оның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін таныту, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру.
Оқушыларға Әлихан Бөкейхановтың өмірі, ғылыми және саяси қызметі жайлы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның қазақ халқының дамуына қосқан үлесі туралы айтылды. Оқушылар тарихи тұлға туралы өз ойларын білдіріп, танымдық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, олардың елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға және рухани дүниесін байытуға ықпал етті.



