КӨРІСУ КҮНІ -АМАЛ МЕРЕКЕСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
наурыз
2026

КӨРІСУ КҮНІ -АМАЛ МЕРЕКЕСІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде   "Көрісу күні – Амал мерекесі" кең көлемде аталып өтті.Мерекелік іс-шара лицей басшысы Г.С. Абилдаеваның жүрекжарды құттықтау сөзімен бастау алып, ұжым мен оқушылар Наурыз мерекесінің тарихи мәні мен тағылымы кеңінен түсіндірілді. Лицей басшысы өз сөзінде Көрісу күні – халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ерекше дәстүрлерінің бірі екенін атап өтіп, бұл күн адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақжарма тілектер айтып, бірлік пен татулықты нығайтатын мереке екенін ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін дәріптеді. Сонымен қатар білім ордамыздың ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіліп, оларды мерекемен құттықтау ұйымдастырылды. Бұл – ұрпақ сабақтастығын жалғап, ұстаз еңбегін қадірлеудің жарқын үлгісі болды.
Мерекелік күннің мазмұнын арттыру мақсатында оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен арнайы құттықтау бейнероликтері дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшілік назарына ұсынылды. Аталған бейнероликтер арқылы ұлттық салт-дәстүріміздің тәрбиелік маңызы кеңінен насихатталып, Наурыз мейрамының рухани құндылықтары дәріптелді.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, жастардың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет, сыйластық пен татулық қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Аталған мазмұнды іс-шараның ұйымдастырылуына ДТЖЖО А.Т.Асилова және қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сариева А.С және тарих және география әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Дүйсенбаева Г.Д жетекшілік етіп, мерекенің тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы лицейімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив