Мероприятие » Страница 9 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
“СЕНІМДІ ДОС”, “БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
26
тамыз
2026
“СЕНІМДІ ДОС”, “БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ”
Ағымдағы 20 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде кіші қызметкерлерге «Сенімді дос» және «Балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы аясында тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кіші қызметкерлердің де жауапкершілігі жоғары екендігі атап өтілді. Лицейдің барлық аумағында балалардың мінез-құлқына, көңіл-күйіне және қарым-қатынасына назар аударып, күмәнді немесе алаңдататын жағдайлар байқалған
2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘНХ: МҰҒАЛІМ БІЛУІ ТИІС НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР
26
тамыз
2026
2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘНХ: МҰҒАЛІМ БІЛУІ ТИІС НЕГІЗГІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ұжыммен биылғы жаңа оқу жылында білім беру үдерісінде бірқатар маңызды жаңашылдықтар қарастырылды. Әдістемелік нұсқау хаттағы негізгі өзгерістер бағалау жүйесінен бастап, жасанды интеллектіні қолдану, пәндерді оқыту мазмұны мен инклюзивті білім беруге дейінгі бағыттарды қамтыды.Түсіндіру жұмысын лицейдің әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.И.Сеитова жүргізді.  Бастауыш сыныптардағы бағалау 2–4 сыныптарда оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі
«ЕРТЕ АНЫҚТАУ: ДАҒДАРЫС ОРЫН АЛҒАНҒА ДЕЙІН БАЛАНЫ БАЙҚАУ» ИНТЕНСИВІ
26
тамыз
2026
«ЕРТЕ АНЫҚТАУ: ДАҒДАРЫС ОРЫН АЛҒАНҒА ДЕЙІН БАЛАНЫ БАЙҚАУ» ИНТЕНСИВІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026-2027 оқу жылына дайындық аясында педагогтерге арналған «Ерте анықтау: дағдарыс орын алғанға дейін баланы байқау» тақырыбында интенсиві өткізілді. Интенсивті директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова мен А.Т. Асилова өткізді. Іс-шара барысында педагогтерге баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, дағдарыстың алғашқы белгілерін анықтау және алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.
«АДАЛ АЗАМАТ: ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ЕМЕС, ТӘРБИЕЛІК ОРТА»
26
тамыз
2026
«АДАЛ АЗАМАТ: ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ЕМЕС, ТӘРБИЕЛІК ОРТА»
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған «Адал азамат: іс-шаралар жоспары емес, тәрбиелік орта» тақырыбында екінші тәрбиелік интенсив өтті. Интенсивті лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р.Дусметова және А.Т.Асилова жүргізді. Интенсивтің негізгі мақсаты – «Адал азамат» құндылықтарын формалды іс-шаралар арқылы емес, оқушының күнделікті әрекеті мен мінез-құлқында қалыптастырудың тиімді
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!
26
тамыз
2026
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!
Құрметті ата-аналар, педагогтер және қоғам өкілдері! Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің Попечительский советінің құрамына кандидаттарды қабылдау бойынша конкурс жарияланады! Попечительский совет – білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, лицейдің дамуына, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды қоғамдық орган. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттар қабылданады.  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.08–20.08.2026 ж.
“КОНФЛИКТІНІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ ТРЕНИНГ
26
тамыз
2026
“КОНФЛИКТІНІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ
Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде педагогтерге арналған «Конфликтіні тиімді шешу жолдары» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибелік бағыттағы тренингті педагог-психолог мамандары Мошкалова Л.Д және Абенова Ж . А өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты : Оқушы, мұғалім және ата-ана арасында туындайтын конфликтілік жағдайлардың алдын алу, олардың себептерін анықтау және жанжалды жағдайларды тиімді, сабырлы әрі конструктивті түрде шешу жолдарын үйрету. Сонымен қатар
«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – ҚОРҒАЛҒАН БАЛА – 2026» | 1-КҮН
26
тамыз
2026
«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – ҚОРҒАЛҒАН БАЛА – 2026» | 1-КҮН
2026–2027 оқу жылына дайындық аясында лицейімізде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз мектеп – қорғалған бала – 2026» тәрбие-құқықтық интенсивінің алғашқы күні өтті.  Тақырыбы: «Бала – құқық субъектісі» Интенсив барысында сынып жетекшілері мен педагогтер баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықтық кейстерді талдау бағытында практикалық жұмыстар жүргізді. Негізгі ұстаным: баланың құқығын білу ғана емес, оны нақты
10-ТАМЫЗ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ “АБАЙ ОҚУЛАРЫ”  КІТАП КӨРМЕСІ
26
тамыз
2026
10-ТАМЫЗ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” КІТАП КӨРМЕСІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің кітапханасында ұлы ақынның шығармашылығына арналған арнайы әдеби бұрыш ұйымдастырылды.  Шараның ерекшеліктері: • Мұнда ақынның өлеңдері, ғибратты қара сөздері мен танымдық әдебиеттер жинақталды. • Лицей ұстаздары жиналып, ұлы тұлғаның тәрбиелік мәні зор еңбектері туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. • Абай сөздерін кейінгі буынның санасына сіңірудің маңызы ерекше атап өтілді.  «Өлді деуге сыя ма ойламандар, өлмейтуғын артына сөз қалдырған...» Абай мұрасы –
10-ТАМЫЗ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ»
26
тамыз
2026
10-ТАМЫЗ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ»
10 тамыз – Абай күніне орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 5–8 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» мәнерлеп оқу байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар дана ақынның сырлы да сазды өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеді. Әрбір оқушының орындауынан ақын сөзіне деген құрмет пен сүйіспеншілік байқалды.  Абай Құнанбайұлы мұрасы – ұрпаққа аманат. Жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі артып, ұлы ақынның тағылымды шығармаларын
БҮГІН — АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!
26
тамыз
2026
БҮГІН — АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!
Бүгін біздің лицейде кішкентай бүлдіршіндер үшін ерекше күн! «Балақайлар мектебі» өз есігін айқара ашып, болашақ бірінші сынып оқушылары мектеп өмірімен алғашқы рет танысты. Балалардың жүзіндегі қуаныш, қызығушылық пен толқыныс — бүгінгі күннің ең әдемі көрінісі!  Қош келдіңіздер, балақайлар! Алда сіздерді білімге бастар қызықты да жарқын әлем күтіп тұр! Алғашқы қадамдарың сәтті болсын!