26
тамыз
2026
10-ТАМЫЗ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ»

10 тамыз – Абай күніне орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 5–8 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» мәнерлеп оқу байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Байқау барысында оқушылар дана ақынның сырлы да сазды өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеді. Әрбір оқушының орындауынан ақын сөзіне деген құрмет пен сүйіспеншілік байқалды.
Жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі артып, ұлы ақынның тағылымды шығармаларын насихаттауға деген қызығушылығы арта берсін!