26
тамыз
2026
«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – ҚОРҒАЛҒАН БАЛА – 2026» | 1-КҮН

2026–2027 оқу жылына дайындық аясында лицейімізде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз мектеп – қорғалған бала – 2026» тәрбие-құқықтық интенсивінің алғашқы күні өтті.
Интенсив барысында сынып жетекшілері мен педагогтер баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықтық кейстерді талдау бағытында практикалық жұмыстар жүргізді.
Негізгі ұстаным: баланың құқығын білу ғана емес, оны нақты жағдайда қорғай білу.
Күн қорытындысында педагогтер «Бала құқықтарын қорғау бойынша педагогтің 10 қағидасын» әзірледі.
Әр бала – тұлға. Әр бала – құнды. Әр бала – қорғалуға құқылы!
Интенсивтің алғашқы күнін ұйымдастырған лицей директоры Г.С.Абилдаеваға, тәрбие бағытының орынбасарлары Н.Р.Дусметова. А.Т.Асилова және белсенді қатысқан педагогтерге алғыс білдіреміз.
Қауіпсіз мектеп – қорғалған бала – ортақ жауапкершілігіміз!


