26
тамыз
2026
«ЕРТЕ АНЫҚТАУ: ДАҒДАРЫС ОРЫН АЛҒАНҒА ДЕЙІН БАЛАНЫ БАЙҚАУ» ИНТЕНСИВІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026-2027 оқу жылына дайындық аясында педагогтерге арналған «Ерте анықтау: дағдарыс орын алғанға дейін баланы байқау» тақырыбында интенсиві өткізілді.
Интенсивті директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова мен А.Т. Асилова өткізді.
Іс-шара барысында педагогтерге баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, дағдарыстың алғашқы белгілерін анықтау және алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.
Интенсивтің басты мақсаты – оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын жағдайлардың алдын алу және әр баланың көңіл күйіне дер кезінде назар аудару.



