МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
06
қазан
2026

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларын сайлау алдындағы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Сайлауалды түсіндірме жұмыстарын аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаева және М. Үсен жүргізді.
📌 Кездесу барысында білім алушыларға Мектеп Парламентінің мақсаты мен міндеттері, оқушылардың өзін-өзі басқарудағы рөлі, ұланбасы қызметінің жауапкершілігі, сайлау тәртібі және дауыс беру мәдениеті туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🗳️ Школьникам сайлау – өз пікірін білдірудің, таңдау жасау мен азаматтық жауапкершілікті сезінудің маңызды тетігі екені түсіндірілді. Әрбір білім алушының таңдауы мектеп өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
📣 САЙЛАУАЛДЫ АГИТАЦИЯНЫҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ХАБАРЛАНДЫ.
Белгіленген мерзімге сәйкес Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларына қатысты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылды.
Осыған байланысты барлық үміткерлерге сайлау талаптарын сақтау, сайлауалды үгіт жүргізуді тоқтату және белгіленген күні өз бағдарламаларын қорғауға дайындалу жөнінде түсіндірме берілді.
📅 07 қазан 2026 жыл – Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларын сайлау күні.
Бұл сайлау білім алушылардың мектеп өміріне белсенді араласуына, өз бастамаларын жүзеге асыруына және көшбасшылық қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік береді.
🤝 Мектеп Парламенті – оқушының пікірін тыңдайтын, бастамасын қолдайтын және жауапкершілікке тәрбиелейтін өзін-өзі басқару алаңы.
Сайлау арқылы білім алушылар:
🔹 өз таңдауын саналы түрде жасауды;
🔹 өз пікірін ашық білдіруді;
🔹 көшбасшыны бағалай білуді;
🔹 жауапкершілік алуды;
🔹 әділдік пен адалдық қағидаларын сақтауды;
🔹 ортақ шешім қабылдауға қатысуды үйренеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив