26
тамыз
2026
«АДАЛ АЗАМАТ: ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ЕМЕС, ТӘРБИЕЛІК ОРТА»
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған «Адал азамат: іс-шаралар жоспары емес, тәрбиелік орта» тақырыбында екінші тәрбиелік интенсив өтті.
Интенсивті лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р.Дусметова және А.Т.Асилова жүргізді.
Интенсивтің негізгі мақсаты – «Адал азамат» құндылықтарын формалды іс-шаралар арқылы емес, оқушының күнделікті әрекеті мен мінез-құлқында қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсету.
Кездесу барысында педагогтер тәрбие жұмысының нәтижесі өткізілген іс-шаралар саны емес, оқушының бойында қалыптасқан нақты өзгеріс екеніне назар аударды.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формуласы ұсынылды:
ҚҰНДЫЛЫҚ → САНАЛЫ ӘРЕКЕТ → ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕ → РЕФЛЕКСИЯ → МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАҒЫ ӨЗГЕРІС → ТҰЛҒАЛЫҚ НӘТИЖЕ.
Практикалық бөлімде педагогтер өздерінің тәрбие жоспарларындағы іс-шараларды талдап, оның қандай құндылық қалыптастыратынын, оқушының нақты әрекетін, рөлін, күтілетін мінез-құлық нәтижесін және нәтижені көрсететін индикаторды анықтады.
Сонымен қатар «Тәрбие матрицасы» арқылы адалдық, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық, патриотизм және ынтымақтастық құндылықтарын нақты әрекетке айналдыру жолдары қарастырылды.
Интенсивте оқушының рөлін арттыруға да ерекше мән берілді. Қатысушы → орындаушы → ұйымдастырушы → бастамашы → көшбасшы даму траекториясы талданып, әр оқушының белсенділігі мен қабілетін ашуға мүмкіндік беру қажеттігі айтылды.
Тәрбие үдерісіндегі отбасының рөлі, ата-ананы тәрбиелік үдерістің серіктесі ретінде тарту, сондай-ақ тәрбие нәтижесін баланың күнделікті әрекетінен бақылау мәселелері қамтылды.
Интенсив соңында әр педагог өз тәжірибесіне енгізетін нақты өзгерісті айқындап, тәрбие іс-шараларын тек өткізу үшін емес, оқушының тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік орта қалыптастыру үшін жоспарлау қажеттігін түсінді.
Негізгі түйін:
«Адал азамат» бір күндік іс-шарамен қалыптаспайды. Ол оқушының күнделікті таңдауы, әрекеті, жауапкершілігі, қарым-қатынасы мен бастамасы арқылы қалыптасады.
Главная ұстаным:
«Тәрбие жоспары – орындалуы тиіс құжат емес, оқушының тұлғалық өсуін жобалайтын құрал».
Лицей педагогтері үшін интенсивтің басты құндылығы – әрбір өткізілген іс-шараға жаңа көзқараспен қарап, «Не өткіздік?» деген сұрақтан «Оқушыда қандай өзгеріс қалыптасты?» деген кәсіби сұраққа көшу.


