МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚОРҒАУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚОРҒАУ
07
қазан
2026

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚОРҒАУ

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде Мектеп парламенті мүшелерінің сайлауалды бағдарламаларын қорғау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мектептің қоғамдық өмірін дамытуға бағытталған ұсыныстары мен жоспарларын ортаға салды. Үміткерлер өз ойларын еркін жеткізіп, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.Т. Асилова және Н.Р. Дусметова қатысты.
Сайлауалды бағдарламаларды қорғау жұмыстарын ұйымдастырған аға тәлімгер Э.Ж. Султанбаева оқушылардың белсенділігін арттыруға және мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды үйлестірді.
Мектеп парламенті – оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, көшбасшылық қасиеттерін және қоғамдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған маңызды өзін-өзі басқару ұйымы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив