АТА-АНАЛАРМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ
«Ө..Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІМЕН
НЕГІЗГІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТ
«02» кыркүйек 2024
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Лицей )
№ KZ20LAA00018659 лицензия негізінде Қалалық білім басқармасы және заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы БИН 991240002268, 03.08.2020ж. бастап Шымкент қ. Әділет басқармасымен берілген, Шымкент қаласы әкімдігінің 22.07.2020 ж. №451 қаулысымен бекітілген "Шымкент қаласы білім басқармасының
"Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғының негізінде әрекет ететін басшы Абилдаева Гульназ Сайлауовна тұлғасында, бір жағынан, және екінші жағынан,
_______________________________________________________________________________________________________
Кәмелетке толмағанның заңды өкілінің Т. А. Ә және мәртебесі - анасы, әкесі , қорғаншысы, қамқоршысы, уәкілетті өкіл
қамқорлыққа мұқтаж немесе кәмелетке толмағанға заңды өкілі берген сенімхат негізінде әрекет ететін адам қамқоршылыққа алынған,қорғаншы және қамқоршы органның өкілі немесе әлеуметтік қорғау мекемесі,
(ары қарай–Ата- аналар) және ________________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________________________
14- жасқа толған)
(бұдан әрі - Білім алушы) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес осы Шартты жасасты
1. Шарттың мәні
Осы Шартта Тараптар білім алушылардың мынадай сатыларда тегін сапалы жалпы білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өзара құқықтар мен міндеттерді айқындайды:
___________________________________________________________________________________________________
(бастауыш, негізгі және орта (толық) жалпы білім беру)
2. Лицейдің міндеттері мен құқықтары
2.1 Лицей Білім алушыға келесі сатылар бойынша тегін сапалы жалпы білім беруді қамтамасыз етуге міндетті______________________________________________________________________(бастауыш, негізгі және орта (толық) жалпы білім беру) Ата-аналар мен Білім алушылардың сұраныстарын ескере отырып және мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұнына сәйкес
Білім беру ортасын құру және қолдау
• Білім беру ұйымының қауіпсіздігін және абаттандыруды қамтамасыз ету.
• Ынтымақтастық атмосферасын құру.
• Адамгершілік, әлеуметтік және мәдени орта құру.
• Білім беру ұйымының физикалық жағдайын, соның ішінде жарықтандыру, шу деңгейі, ауа сапасы және температура жағдайларын жақсарту маңызды. Білім беру ұйымының мәдениетін қалыптастыру және жүзеге асыру
• Негізгі құндылықтарды қолдайтын тұжырымдамалар әзірлеу және енгізу.
• Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін нақты этикалық стандарттар орнату.
• Білім алушылардың тұлғалық өсуіне ықпал ететін инклюзивті ортаны құруға жәрдемдесу.
• Құндылыққа негізделген тәсілді дамытудағы олардың рөлі мен әсерін түсіндіре отырып, жаңа қызметкерлерге бағытбағдар дәрістерін өткізу. Ынтымақтастықты қолдау
• Педагогтер мен білім алушылар арасында мағыналы және сыйластық қарым-қатынас орнату.
• Білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету.
• Ата-аналармен ынтымақтастыққа жағдай жасау және оларды мектеп өміріне тарту.
• Жергілікті қауымдастықтармен және ұйымдармен байланысты нығайту
2.2. Лицей оқу жоспарына, жылдық күнтізбелік оқу кестесіне және сабақ кестесіне сәйкес Білім алушыға бастауыш, жалпы, негізгі жалпы және орта (толық) жалпы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
2.3. Лицей Білім алушыларға тәрбие жұмысын жүргізуді және психологиялық сүйемелдеуді (жеке кеңестер, психологиялық әдістемелер мен сауалнамалар, психологиялық түзету дамыту жұмыстары) мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына және Лицей әзірлейтін жұмыс жоспары мен білім беру бағдарламасына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.
Психологиялық сүйемелдеудің қызметіне:
келісемін/ келіспеймін
(таңдағаныңызды сызыңыз )
2.4.Лицей білім беру қызметін көрсету және тәрбие қызметін жүзеге асыру кезінде білім алушының жеке тұлғасына құрмет көрсетуге, оны физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғауға, білім алушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның адамгершілік, және психологиялық денсаулығын, эмоционалдық саулығын нығайту жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
2.5.Лицей келісім-шарт қатысушылары өзіне қабылдаған шартты сақтаған жағдайда Білім алушылардың Лицейдің білім беру бағдарламаларын игеруін қамтамасыз етуге міндетті.
2.6.Лицей білім беру және тәрбие үдерісіне қойылатын санитарлық және гигиеналық талаптарды, міндетті өрт және өзге де қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға міндетті.
2.7. Лицей оқу, тәрбие және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде Білім алушы Лицейде және мектеп жанындағы аумақта болған кезде, сондай-ақ Лицейдің және мектеп жанындағы аумақтың шетінен тыс жерлерде, егер бұл Лицейдің оқу, тәрбие және өзге де қызметіне сәйкес жүзеге асырылса Білім алушының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті өзіне алады.
2.8. Лицей білім алушы Лицейде және мектеп жанындағы аумақта, сондай-ақ егер бұл қажеттілік Лицейдің оқу, тәрбие және өзге де қызметіне сәйкес жүзеге асырылатын болса Лицейде және мектеп жанындағы аумақта болған кездегі оқу, тәрбие және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде тамақтандыруды және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.
2.9. Лицей осы шартқа сәйкес Лицейге белгілі болған Білім алушының жеке басы мен денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді және Ата-анасының жеке деректерін,мұндай мәліметтерді ұсыну заңнамада көзделген немесе білім алушының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда жарияламауды қамтамасыз етуге міндетті.
2.10. Лицей Ата-аналар мен Білім алушыларды мектептің құрылтай құжаттарымен, лицензиямен, мемлекеттік аккредиттеу туралы куәлікпен, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларымен, оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, сабақ кестесімен, ішкі тәртіп ережелерімен және лицейдің білім беру, тәрбие және әкімшілік қызметін реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді, сондай-ақ кемінде 7 жұмыс күні бұрын ата-аналар жиналыстарын және Ата-аналар қатысуға міндетті немесе құқығы бар өзге де мектеп іс-шараларын өткізу туралы ата-аналарды хабардар етуге міндетті.
2.11. Лицей Білім алушының үлгеріміне ағымдағы және аралық бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелері туралы Білім алушы мен Ата-аналарды қолжетімді нысанда хабардар етуге міндетті.
2.12.Лицей жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары аясында кітапханалық және ақпараттық ресурстарға ақысыз және қайтарымды негізде қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2.13.Лицей Білім алушыдан және Ата-аналардан мектеп жарғысының, Лицейдің ішкі тәртіп ережелерінің және Лицейдің қызметін реттейтін басқа да актілердің сақталуын талап етуге құқылы.
2.14. Лицей Білім алушы Лицейдің Жарғысын және ішкі тәртіп ережелері мен Лицейдің қызметін реттейтін өзге де актілерді бұзған жағдайда Білім алушыға заңнамада және жоғарыда көрсетілген актілерде көзделген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. Лицей Білім алушыға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану мен қолдану ниеті туралы Ата-аналарды хабардар етуге міндетті.
2.15. Оқушыларды лицейде өтетін іс-шараларда фото және видеоға түсіріп, лицейдің әлеуметтік желілеріне салуына қарсымын/қарсы емеспін
(таңдағаныңызды сызыңыз )
2.16.Лицей ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы негізінде Лицейдің жарғысына сәйкес лицейдің педагогикалық кеңесінің шешімімен оқуға қабылдау, сыныптан сыныпқа ауыстыру, оқудан шығаруға құқылы
(тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерін бекіту туралы). 64,65,66)
2.17. Егер бала лицей сыныптарына сәйкес келетін білім деңгейін растамаса, емтихандарды тапсыра алмаған жағдайда лицей педагогикалық кеңестің шешімімен оқушыға тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепте оқуды жалғастыруды ұсынады
3. Ата-аналар құқығының міндеттері
3.1. Білім алушының Ата-анасы Білім алушыны негізгі жалпы білім білім берумен қамтамасыз етуге және олардың орта (толық) жалпы білім алуы үшін жағдай жасауға міндетті, сондай- ақ:
- Білім алушылардың оқу кестесіне сәйкес сабақтарға және мектептің білім беру және тәрбие қызметін реттейтін құжаттарда көзделген өзге де мектеп іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету;
- білім алушыларға үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндік жасау;
- Білім алушыны өз есебінен білім алушының білім беру процесіне қатысуы үшін қажетті мөлшерде (жазба-кеңсе жабдықтарымен, спорттық формамен және т.б.) білім алушының жасына және қажеттіліктеріне сәйкес қамтамасыз ету.
3.2. Ата-аналар Білім алушының лицейдің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін және лицейдің қызметін реттейтін өзге де актілердің орындауына және орындауын қамтамасыз етуге міндетті.
- Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға; білім алушының білім беру мекемесінде мектеп формасын қатаң сақтауға міндетті.
3.3. Ата-аналар педагогтерге, әкімшілікке және техникалық персоналға құрмет көрсетуге және Білім алушыда оларға құрмет сезімін тәрбиелеуге міндетті.
3.4. Ата-аналар Білім алушы лицейге келіп түскен кезде және оны оқыту процесінде жеке басы мен денсаулық жағдайы туралы қажетті құжаттар мен мәліметтерді, ата-анасы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуға, сондай-ақ мектеп басшысына немесе сынып жетекшісіне олардың өзгергені туралы хабарлауға міндетті.
3.5. Ата-аналар ата-аналар жиналыстарына қатысуға, ал өзінің қатысуы мүмкін болмаған кезде сенім білдірілген адамдардың жиналысқа баруын қамтамасыз етуге міндетті, Лицей басшысының немесе сынып жетекшісінің өтініші бойынша Лицейдің Білім алушысының мінез-құлқына немесе оның жалпы білім алуға қатынасына наразылықтары болған кезде әңгімелесу үшін келуге тиіс.
3.6. Ата-аналар лицей басшысына немесе сынып жетекшісіне білім алушының сабақта болмау себептері туралы хабарлауға міндетті.
3.7. Ата-аналар Білім алушылардың Лицей мүлкіне келтірген залалын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
3.8. Ата-аналар баланың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқылы, оның ішінде:
- білім алушының үлгерімі туралы ақпаратты қолжетімді түрде алуға;
- бір айдан кешіктірмей лицейдің Білім алушыға заңнамада және Лицейдің актілерінде көзделген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану ниеті туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға,сондай-ақ 7 жұмыс күні ішінде білім алушыға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы ақпарат беруге, білім алушыға қатысты тексеру жүргізуге қатысуға құқылы;
- Лицей басшысы және сынып жетекшісі қабылдауында болуға, Білім алушыға қатысты мәселелер бойынша педагогикалық кеңестің отырысына қатысуға құқылы.
- Ата-аналар Лицейді басқаруға қатысуға құқылы, оның ішінде:
- лицейдің өзін-өзі басқару органдарының құрамына кіруге;
- Лицейдің білім беру бағдарламасының мазмұны, оқыту тілі, Лицейдің жұмыс тәртібі және т. б. ұсыныстар енгізуге;
3.10.Лицейдің құрылтай құжаттарымен, лицензиясымен, мемлекеттік аккредиттеу туралы куәлікпен, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларымен, оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, сабақ кестесімен, ішкі тәртіп ережелерімен және Лицейдің білім беру, тәрбие және әкімшілік қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысуға;
- кемінде 7 жұмыс күні бұрын ата-аналар жиналыстарын және ата-аналар қатысуға міндетті немесе құқығы бар өзге де мектеп іс-шараларын өткізу туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға құқылы.
3.11. Ата-аналар Тұлғаның өз міндеттерін және осы Шарттың талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда Лицейдің іс-әрекетіне белгіленген тәртіппен Лицейдің құрылтайшысына, білім беру саласында қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын органдарға шағым жасауға құқылы.
4. Білім алушының міндеттері мен құқығы
4.1. Білім алушы:
- 7-11 сыныптарда оқу кезінде жарты жылда бір рет ІТ лицей мәртебесіне сәйкес аралық бақылаудан өтуге (қысқы және жазғы сессиялар);
- оқу кестесінде көрсетілген сабақтарға қатысуға;
- Лицей педагогтары берген сабаққа дайындық бойынша тапсырмаларды орындауға;
- Лицейдің жарғысын, Лицейдің ішкі тәртіп ережелерін және оның қызметін реттейтін Лицейдің өзге де актілерін сақтауға, оқу тәртібін және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға, педагогтарға, Лицейдің әкімшілігі мен техникалық персоналына және білім алушыларға құрмет көрсетуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға;
- Лицейдің мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті
4.2.Білім алушының жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға, жеке оқу жоспары бойынша оқуға, жеделдетілген курс бойынша оқуға құқығы бар.
4.3. Білім алушы Лицейдің кітапханалық және ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға құқылы.
4.4. Білім алушы лицейді басқаруға қатысуға, өзінің адами қадір-қасиетін құрметтеуге, ақпарат алуға, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге құқылы.
4.5. Білім алушы өз білімін бағалау туралы және осы бағалаудың өлшемдері туралы толық және шынайы ақпарат алуға құқылы.
5. Шартты өзгерту және бұзу негіздері және өзге де талаптар
5.1. Осы келісім-шартта жасалған шарттар тараптардың келісімі бойынша, немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Қолданыстағы заңнамамен салыстырғанда білім алушының жағдайын нашарлататын жағдайлар жарамсыз деп саналады.
5.2. Білім алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер және талап бойынша лицейден шығарылған жағдайда, оның ішінде оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ білім алушы басқа білім беру мекемесіне ауысқан жағдайда шарт бұзылды деп есептеледі.
5.3. Осы Шарт Тараптар оны жасасқан және лицей білім алушыны қабылдау туралы бұйрық шығарған күннен бастап күшіне енеді.
5.4.Лицейдің 2.10 және 2.11-тармақтарында көзделген міндеттемелері, егер олар кем дегенде ата-анасының біреуіне қатысты жасалса, орындалды деп саналады.
6. Тараптардың қолдары мен деректемелері
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей» «Ата-ана».
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би,40 ___________________________________
Жұмыс.тел: 8-72-52-95-47-30
ұялы.тел________________ Мекен жайы______________________________
ұялы тел________________________________
Директор Г.С.Абилдаева
______________________ _____________________
қолы қолы
«___»____________20___г «___»____________20___г