ЛИЦЕЙДІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Ө.Жолдасбеков атындағы № 9ІТ «Келісілді» «Бекітемін»
лицейінің» педагогикалық кеңесінде Жалпы ата-аналар комитетінің Ө.Жолдасбеков атындағы
қаралды және толықтырылды төрағасы №9 ІТ лицейінің директоры
№ 1 _______________ ___________________
«29» 08.2024 жыл Р.О.Сейдуалиев Г.С.Абилдаева
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейдің» ішкі тәртіп ережелері
I. Жалпы ережелер
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей КММ ішкі тәртіп ережелері Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына 43 бабы, 3 тармағы 1- тармақшасы, 47 бабы, 14 тармағы; "Неке және отбасы туралы" Заңына, "Экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы" Заңына, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен келісілді.
Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік және қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылады.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
3-1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
3-2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3-3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
3-4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
3-5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
3-6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
3-7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;
3-8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
3-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
3-10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
3-11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
3-12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
4-1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
4-2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
4-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
4-5). медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
5. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік спорттық және (немесе) шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін ақпараттық жүйеде тіркеледі.
6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
8. Оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу процесі кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді.
9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
13. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
14. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
ІІ. Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару тәртібі
1. Қызметкерлер осы лицейде жұмыс істеу туралы еңбек келісімшартын жасасу арқылы еңбек ету құқығын жүзеге асырады.
2. Әрбір жұмыс істейтін мұғалімге жеке іс беріледі. Еңбек кітапшасы кету парағын көрсеткен кезде жұмыстан босатылған күні беріледі. Жұмыстан босатылған қызметкердің жеке ісі мектепте сақталады.
ІІІ. Қызметкерлердің негізгі міндеттері
1. Лицей қызметкерлері міндетті:
1-1) адал әрі әділ жұмыс істеу, лицейдің Жарғысында, ішкі тәртіп ережелерінде және лауазымдық нұсқаулықтарда оларға жүктелген міндеттерді қатаң сақтау;
1-2) мектептегі тәртіптің негізі-еңбек тәртібін сақтау, уақытында жұмысқа келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, оны өз міндеттерін шығармашылықпен және тиімді орындау үшін барынша пайдалану, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерден аулақ болу: әкімшіліктің бұйрықтарын уақтылы дәл орындау;
1-3) орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға барынша ұмтылуға, ондағы олқылықтарға жол бермеуге, орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға, еңбек қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған шығармашылық бастаманы ұдайы білдіруге;
1-4) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника талаптарын сақтауға, өндірістік санитарлық гигиенаны, өрттен қорғауды, тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда көрсетілген;
1-5) балаларға әрдайым мұқият болу, оқушылардың ата-аналарымен және ұжым мүшелерімен сыпайы болу;
1-6) өзінің кәсіби және мәдени деңгейін жүйелі түрде арттыру;
1-7) жұмыста, тұрмыста және қоғамдық орындарда лайықты мінез-құлық пен жоғары моральдық парыздың үлгісі болу;
1-8) өзінің жұмыс орнын таза және тәртіпте ұстау, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібін сақтау;
1-9) педагогтердің сыртқы келбеті-оқу процесінің тиімділігінің, мектепте, оқу – тәрбие процесінде тәртіпті қамтамасыз етудің бір шарты, әрбір мұғалімнің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар:
- тазалық;
- дресс-код талаптарына сәйкестік.
1-10) белгіленген уақытта мерзімдік медициналық тексеруден өтуге міндетті;
1-11) мектептің педагог қызметкерлері сабақ кезінде, мектеп ұйымдастыратын сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар кезінде балалардың өмірі мен денсаулығы үшін толық жауапты болады.
1-12)оқушылардың жарақаттануының барлық жағдайларында дереу әкімшілікке хабарлау қажет.
2. Белгіленген тәртіппен мектеп директорының бұйрығымен оқу жұмысына қосымша мұғалімдерге сынып жетекшілік, оқу кабинеттерінің меңгерушісі, оқу-тәжірибе учаскелерін басқару, еңбекке баулу, кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру, сондай-ақ басқа да оқу-тәрбие қызметтерін орындау жүктелуі мүмкін.
3. Педагог қызметкерлер/мұғалімдер/, психологтар, әлеуметтік педагогтар "Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне"сәйкес бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
IV. Жұмыс уақыты және оны пайдалану
1.Мектепте мұғалімдер ұжымы мен оқушылар үшін бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.
1-1)мектептегі жұмыстың басталу және аяқталу уақыты ауысым санына байланысты белгіленеді.
1-2)педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты оқу кестесімен және лауазымдық міндеттерімен, лицейдің Жарғысымен және ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді.
1-3)мектеп әкімшілігі жұмысқа келу және жұмыстан кету есебін ұйымдастыруға міндетті.
1-4)жаңа оқу жылына педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін мектеп директоры белгілейді.Бұл ретте мыналарды ескеру қажет: педагог қызметкерлерде, әдетте, сыныптардың сабақтастығы мен оқу жүктемесінің көлемі сақталуы тиіс;педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі, әдетте, оқу жылы бойы тұрақты болуы тиіс.
2. Жүктемені азайту мектептегі оқушылар мен сыныптар санының азаюымен ғана мүмкін болады.
2-1)сабақ кестесін әкімшілік жасайды және бекітеді.
2-2)мектептің жекелеген қызметкерлерін ( мұғалімдерді, тәрбиешілерді )
кезекшілікке және кейбір жұмыс түрлеріне тартуға( демалыс және мереке күндері) рұқсат етіледі.
2-3)кезекшілік немесе демалыс, мереке күндеріндегі жұмыс үшін демалыс күндері заңнамада көзделген тәртіппен немесе жұмыскердің келісімімен кезекті демалыспен сәйкес келмейтін демалыс уақытында беріледі.
3. Күзгі, қысқы, көктемгі уақыт, сондай-ақ кезекті демалыспен сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты болып табылады. Осы кезеңдерде оларды мектеп әкімшілігі каникул басталғанға дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шегінде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмысқа тартады.
3-1) педагогикалық кеңестің отырыстары, әдетте, оқу тоқсанына бір рет өткізіледі.
3-2)мектептің әдістемелік кеңесінің отырыстары тоқсанына бір рет, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары жылына кемінде 5 рет өткізіледі.
3-3)жалпы ата – аналар жиналысы жылына кемінде екі рет, ал сынып жиналыстары жылына кемінде төрт рет шақырылады.
Тыйым салынады:
1. Мектептің педагог және басқа қызметкерлеріне тыйым салынады:
1-1) өз қалауы бойынша сабақ кестесін және жұмыс кестесін өзгертуге;
1-2) сабақты және сабақ арасындағы үзілісті қысқартуға, ұзартуға, тоқтатуға;
1-3) оқушыларды сабақтан шығаруға.
1-4) оқушыларды қоғамдық тапсырмаларды орындау, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу үшін мектеп әкімшілігінің келісімінсіз мектеп сабақтарынан босатуға;
1-5) жұмыс уақытында қоғамдық істер бойынша жиналыстар мен кеңестер шақыруға;;
1-6) сыныпта сабақ кезінде бөтен адамдар тек директордың немесе оның орынбасарларының рұқсатымен қатыса алады.
1-7)сабақ басталғаннан кейін сыныпқа кіруге ерекше жағдайларда тек мектеп директоры мен оның орынбасарларына ғана рұқсат етіледі.
1-8) педагогикалық қызметкерлерге сабақ кезінде немесе оқушылардың алдында жұмысы туралы ескертулер жасауға рұқсат етілмейді.
V. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
1.Мектеп әкімшілігі келесі тәртіптік жазаларды қолданылады :
1-1) ескерту;
1-2) сөгіс;
1-3) қатаң сөгіс.
1-4) жеке еңбек шартын бұзу /жұмыстан шығару/.
2. Үш сағат себепсіз жұмыста болмау жұмысқа келмеу болып саналады.
2-1)мұғалімді кәсіподақ комитетінің келісімінсіз жұмыстан шығаруға жол беріледі:
2-2) мас күйінде жұмысқа келу;
2-3) оқушыға физикалық зорлық-зомбылық көрсету;
2-4) себепсіз жұмысқа келмеу;
2-5) жұмысқа кешігу кезінде
Педагогикалық және педагогикалық емес қызметкерлер құқылы:
1)Жыл сайынғы ақылы демалысқа;
2) Оқу орнының қызметін жақсарту үшін ұсыныстар айтуға;
3) Түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысуға;
2024-2025 оқу жылына арналған №9 ІТ лицейдің жұмыс кестесі
Лицей екі ауысымда жұмыс істейді:
I ауысымның басталуы 08-00
I ауысымның басталуы 14-00
Лицей толық 5 күн жұмыс істейді.
Сенбі күні үйірмелер мен қосымша сабақтар өтеді.
1) Әрбір пән мұғалімі, сынып жетекшісі жұмысқа сабақ басталғанға дейін 30 минут бұрын келуі тиіс. Олардың міндетіне балаларды қарсы алу және шығарып салу кіреді.
2) Аптасына бір рет әр мұғалім мотивациясы төмен оқушылардың білімін толықтыру бойынша қосымша сабақ өткізеді.
3) Мектептің кітапханашылары мен психологы, әлеуметтік педагогы үшін жұмыс күні сағат 9-00-ден басталып, 18-00-де аяқталады.
4) Мектептің медбикесі сағат 9-00-ден 19.30-ға дейін жұмыс істейді.
5) Мектеп хатшысы 9-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс істейді.
6) Директордың оқу - тәрбие және шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарларына жұмыс уақытында кемінде 8 сағат нормаланбаған жұмыс уақыты белгіленеді.
VІ . Оқушыларға арналған жалпы ережелер
«Бiлiм туралы» заңы
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
14 тармағы: Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Міндеттер:
Оқу барысында 7-11 сынып оқушылары ІТ лицей мәртебесіне сәйкес жартыжылдықта бір рет (қысқы және жазғы сессия) аралық білім бақылауынан өтуге міндетті.
Оқу кестесінде көрсетілген сабақтарға қатысуға;
лицей мұғалімдері берген сабаққа дайындық тапсырмаларын орындауға
1- ауысым оқушылары мектепке 7 сағат 45 минутта,
2- ауысым оқушылары 13 сағат 45 минутта келуі тиіс.
1) Ішкі тәртіп ережелерін, білім беру ұйымының Жарғысын сақтау;
2) Басқа білім алушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқықтарын, ар-намысы мен қадір- қасиетін құрметтеу, олардың мүдделеріне нұқсан келтірмеу, кішілерге көмектесу;
3) тәртіпті болу, мектепте және одан тыс жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау;
4) физикалық қысым, қорқыту мен қорлаудан, басқаларға қатысты кемсітушілік әрекеттерден аулақ болу.
Академиялық адалдық ережелері:
1)Тоқсандық, бөлім бойынша жиынтық бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды орындағанда академиялық шындықты ұстану, яғни өзге оқушыдан көшірмеу, өзгеден көмек сұрамау, шпаргалка қолданбау;
2)Оқушылар өзгелердің жұмысын қолдануда авторлық құқықты бұзбау, және ақпараттың авторы мен алынған жерін көрсетуге МІНДЕТТЕЛЕДІ;
3)Оқушының заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, тб.) ұлын немесе қызын академиялық адалдыққа тәрбиелеп, маңыздылығын түсіндіруге МІНДЕТТЕЛЕДІ;
4)Оқушылар мектеп мүлкін немесе өзге оқушының мүлкін рұқсатқыз алуына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, ондай заттарды мектеп аумағынан тауып алған жағдайда, мектеп күзетшісіне немесе педагогқа тапсыруға МІНДЕТТЕЛЕДІ.
Мектепке сабаққа кешігіп келген және себепсіз келмеген оқушыларға жауапкершілік қарастырылады
1)Оқушыға ескерту ( 2 рет кешіккен кезде)
2)Ата - аналармен түсіндірме жұмыс (хаттама) ( 3 рет кешіккен кезде)
3)Мектепішілік есебіне алу ( 4 рет кешіккен кезде)
4)Әкімшілік жауапкершілікке тарту ( 5 рет кешіккен кезде)
МЕКТЕП ФОРМАСЫ
1.ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1-тармағына сә кес орта білім беру ұйымдарында ОҚУШЫЛАР білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі-мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының түсін, фасонын және юбка ұзындығын таңдауды білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес анықтайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
2.Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында, үш түстен аспайтын түстерді араластыруға жол беріле отырып ұсталады.
Мектеп формасының түсі қою көк.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі.
2-1)Ұлдарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:
пиджак, ■ жилет, ■ шалбар, ■ мерекелік жейде, ■ күнделікті жейде, ■ не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, ■ поло жейде немесе тенниска. ■ қысқы мезгілде: трикотажды жилет, водолазка
Классикалық үлгідегі ұлдарға арналған шалбар және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабады. Ұлдар шаштарын уақтылы қысқартуы керек (классикалық шаш үлгісі, мектеп үлгісі); ұлдарға мұртты және сақалды босатуға болмайды.
2-2)Қыздарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:
■ пиджак, ■ жилет, ■ юбка, ■ шалбар, ■ классикалық жейде, ■ не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, ■ поло жейде немесе тенниска. ■ қысқы уақытта: трикотажды жилет, сарафан, водолазка.
2-3)Қыздарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың тобықтарын жабады. Қыздар үшін: шаш үлгісі ұзын болған жағдайда: өрілген, түйілген; қысқа болған жағдайда: жинақы үлгіде. Кез-келген ұзындықтағы шаш үлгісі ашық түстерге боялмаған болуы шарт; Ашық киім, жарқын маникюр, ұзын тырнақты маникюр, педикюр, макияж және шашты ашық түске бояу, көзге көрінетін жерде татуировка жасау және пирсинг, қыздарға өруге келетін ұзын шашты жаюға болмайды
3.Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық киім: Спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кедалар,кроссовкалар).
4.Әр түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді.
Оқушыларға діни нанымдарды білдіретін белгілер мен киімдерді (хиджаб,никаб,бурка, паранджа,сикх тюрбандары мен иудей бас киімдерін, «ірі» христиандық крестерді және т.б.) киюге, дене мүшелерін жалаңаштауға (қарын, бел, кеуде) ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
4-1).мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайларды, оқу сабақтарын өткізу орны мен оқу кабинеттеріндегі температуралық тәртіпті ескере отырып жүзеге асырылады.
4-2)мектеп формасына қойылатын талаптар: жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюге жол бермейді.
4-3)ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.
4-4)зергерлік бұйымдарды кию ұсынылмайды.
4-5)залда дене шынықтырумен айналысу үшін еденге жолақ қалдырмайтын спорттық аяқ киім қажет.
4-6)тиісті спорттық формасы жоқ оқушылар дене шынықтыру сабақтарына жіберілмейді, ал осы себепті жіберілген сабақ себепсіз келмеді ретінде қарастырылады.
4-7)оқушылардың оқу күні ішінде мектептен шығуына тек сынып жетекшісінің немесе мектептің кезекші әкімшілігінің рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.
5. Мектеп директормен бекітілген кесте бойынша үзіліс кезінде сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған.
5-1)бастауыш блокта үзіліс кезінде бастауыш мектеп мұғалімдері мен сыныптарының кезекшілігі ұйымдастырылған.
5-2)оқушылар, сабақтан тыс іс-шаралар жоспарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, сабақ аяқталғаннан кейін 20 минуттан кейін мектеп аумағынан кетуі керек.
6. Сабақтан тыс іс-шаралар, факультативтік курстардың, спорт секцияларының, қызығушылықтар бойынша үйірмелердің сабақтары бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдеріне білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынады. Ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін мектеп әкімшілігі тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
ІШКІ ТӘРТІП БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА:
1) тәртіп бұзушылық фактісі мектеп әкімшілігімен қаралады
2) тәртіп бұзушылар мектепішілік есепке (БЖТ) алынады
3) тәртіп бұзушылық кайталанған жағдайда білім алушылар Педагогикалық Кеңесте қаралады
4) қасақана тәртіп бұзушылық орын алған жағдайда іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі
Тыйым салынады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығы негізінде:
1)Киім ілгіште сыртқы киімнің қалтасында ақша, кілттер, жол жүру билеттері, басқа да құнды заттарды қалдыруға тыйым салынады. Құнды заттар жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
2)Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, оттықтар, тесетін және кесетін заттар, газ баллондары, қару-жарақ (соның ішінде газ, пневматикалық немесе имитациялық), ойын карталарын әкелуге тыйым салынады.
3)Мектеп ғимаратында электронды темекі қатаң түрде пайдалануға тыйым салынады.
4)Мектеп оқушыларына мектеп қабырғасында оқу-тәрбие үдерісіне қатысы жоқ құнды гаджеттер мен басқа да заттарды пайдалануға тыйым салынады.
5)Мектепте сағыз шайшауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 506 Бұйрығына сәйкес оқушылар арасында Буллинг және кибербуллингке жол беруге қатаң түрде тыйым салынады және жазаланады.
Оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында лицейге бөгде адамдардың болуы тек кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана мүмкін болады.
Оқушылардың оқу құжаттары
1) Оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдері жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар жиналыстарына қатысуға міндетті.
2) Оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдері электрондық журнал мен күнделікте ағымдағы үлгерімді, үй тапсырмаларын, оқу бағдарламаларының орындалуын бақылауға міндетті.
3) Оқушылар электронды журнал арқылы ағымдағы, тоқсандық бағаларды, үй тапсырмаларын ала алады.
4) Сабақтан қалған жағдайда оқушылар сынып жетекшісіне сабақтан қалу себебін түсіндіретін құжаттарды: медициналық анықтаманы немесе ерекше жағдайларда ата-аналарының өтінішін ұсынуы тиіс.
5) Бір апта ішінде 2 күннен артық растайтын құжаттарсыз жіберіп алған оқушы медициналық анықтаманы ұсынғаннан кейін ғана сабаққа қатыса алады.
6) Мұндай оқушылардың сынып жетекшісі отбасына барып, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасауға міндетті.
7) Оқу бағдарламасынан өткені туралы деректер табельге енгізіледі және әр оқушының жеке ісінде сақталады, ол мектептің қабылдау бөлмесінде сақталады.
VІІ. Оқу уақытын ұйымдастыру
1.Мектептегі сабақтар мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
1-2)мектептегі сабақтар екі ауысымда өткізіледі.
1-3)сабақтың ұзақтығы - 40 минут.
1-4)дүйсенбінің бірінші сабағында оқушылар ҚР Әнұранын шырқайды.
1-5)әр аптаның дүйсенбі күніне тәрбие сағат және жеке қауіпсіздік сабақтары өтеді.
1-6)сынып сағатының ұзақтығы 40 минут.
1-7)сынып сағаттарының тақырыптарын директордың орынбасары әзірлеген және лицей директоры бекіткен.
2. Қоңыраудан кейін сыныпқа кіру кешігу болып табылады, ол туралы оқушының электрондық күнделігіне жазба жасалады.
2-2)сабаққа жүйелі түрде кешігіп келген оқушылар түсіндіру үшін мектеп әкімшілігіне шақырылады және мектеп ішілік есебіне қойылады.
2-3)сабақтан кейін бақылау сауалнамаларын жүргізу мұғалімнің келісімімен оқушының немесе оның ата-анасының өтініші бойынша бағаны жақсарту мақсатында ғана мүмкін болады.
3.Ұялы телефондарды сабақ үстінде өшіруге тиіс немесе «дыбыссыз» режиміне орнату қажет.
4. Мұғалім материалды өту бағдарламасында қарастырылған оқу жұмыстарының түрлері үшін баға қояды және сол күні оқушының назарына жеткізіледі.
5.Оқушының сабаққа жүйелі дайындалмауына байланысты белгіленген мерзімде тексеруге тапсырылмаған немесе орындалмаған жұмыстарды мұғалім "қанағаттанарлықсыз"деген бағамен бағалауы мүмкін.
6.Қорытынды белгілер кемінде 3 ағымдағы баға негізінде қойылады.
7.Үлгерімі нашар оқушылар туралы ақпаратты сынып жетекшісі ата-аналарға тоқсанның аяқталуына үш апта қалғанда хабарлайды.
8. Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТлицейі ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес, лицейдің жарғысына сәйкес лицейдің педагогикалық кеңесінің шешімімен оқуға қабылдау, сыныптан- сыныпқа ауыстыру, оқудан шығаруға құқылы (білім беру ұйымының 64, 65, 66-т. тиісті типтері мен түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы).
8-1)Егер бала лицей сыныптарына сәйкес келетін білім деңгейін растамаса, лицей педагогикалық кеңестің шешімімен оқушыға тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепте оқуды жалғастыруды ұсынады.
Тыйым салынады
1)Мұғалім сабақтан қоңырау шалғаннан кейін оқушыларды ұстауға ;
2)Оқушыларды сабақтан шығаруға;
3)Оқушыларды сабақтан шығару ерекше жағдайларда мектеп директорының немесе кезекші әкімшінің өкімі бойынша оқушылар мен мұғалімнің келісімімен ғана мүмкін болады.
4)Мінез-құлқына баға қоюға рұқсат етілмейді.
ХІІІ. Жалпы пайдаланатын орындар
Асханадағы тәртіп:
1) Оқушы оқу процесі кезінде тамақтану кестесіне сәйкес асты тек мектеп асханасынан ішуі ШАРТ;
2) Оқушылар асханаға кірерге дейін жеке бас тазалық ережесін сақтауы тиіс: асханаға сырт киімсіз, сөмкесіз, шаштары жиналған, кеңсе заттарынсыз кіру, тамақтанар алдында қолдарын мұқият жууы ШАРТ;
3) Оқушылар мектеп асханасына асықпай, итермелемей, кезекті бұзбай барады, асханада шуламайды;
4) Оқушылар асхана қызметкерлеріне сыпайы сөйлеп, сыйластық танытулары шарт;
5) Оқушылар педагог белгілеген асхана кезекшілігін сақтауы ШАРТ;
6) Оқушылар тамақ қалдықтарын асханадан өзге жерлерде тастауға, мектеп ғимаратын ластамауға МІНДЕТТЕЛЕДІ.
Кітапханадағы тәртіп
1) Кітапханада дауысты айқалауға болмайды және тыныштық сақтау қажет
2)Кітапхананы пайдалану-бекітілген кестеге сәйкес тегін.
3)Оқушылар кітапханаға алынған кітаптар үшін материалдық жауапкершілікте болады.
4)Егер оқушының кітапханада қарызы болса, білім туралы құжаттар берілмейді.
Спорт залындағы тәртіп
1)Үлкен және кіші спорт залдарында сабақтан тыс уақыттағы сабақтар спорт секцияларының кестесі бойынша ұйымдастырылады.
2)Залдардағы сабақтар үшін спорттық форма мен аяқ киім қажет.
3)Жеке сабақтар дене шынықтыру мұғалімінің келісімі бойынша мүмкін болады.
Демалыс кезінде
1)Демалыс кезінде денсаулыққа немесе мүлікке зиян келтіруі мүмкін заттармен ойнауға тыйым салынады.
2)Мектепте үзіліс кезінде мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.
Акт залындағы тәртіп
1)Акт залында оқушылардың болуы мұғалімнің қатысуымен ғана мүмкін.
2)Акт залында мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен салтанатты және сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттары, мерекелік концерттер өткізіледі.
3)Акт залында тамақ ішу және сағыз шайнауға қатаң түрде тыйым салынады.
Дәретхана бөлмелері
1)Мектепте дәретхана бөлмелері мектептің әр қабатында орналасқан.
2)Дәретханаларды ластамау және таза пайдалануға мінтеттеледі.
ІХ. Оқушылардың тәртібі
1.Оқушылардың тәртібі осы лайықты тәртіп және ар-намыс ережелерімен, мектеп Жарғысымен реттеледі.
Көрсетілген құжаттарда жаза ретінде көзделген шаралардан басқа оқушыларға мынадай жазалар қолданылуы мүмкін:
1-1)сынып ұжымдарында заңсыздықты талқылау және шешім шығару;
1-2)ата-аналар жиналыстарында заңсыздықты талқылау және шешім шығару;
1-3)өзін-өзі басқару кеңесінде заңсыздықты талқылау және шешім шығару;
1-4)алдын алу кеңесінде заңсыздықты талқылау және шешім шығару.
2.Оқушыларға ынталандыру ретінде келесі шаралар қолданылуы мүмкін:
алғыс жариялау;
2-1)грамотамен марапаттау;
2-2)бағалы сыйлықпен марапаттау
Х.Мектеп оқушыларының құқықтары
1.Өзінің адами қадір-қасиетін, өз отбасының қадір-қасиетін құрметтеуге;
2.Тегін жалпы білім алуға (мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім);
3.Мектеп парламентіне сайлау және сайлану құқығы;
4.Денсаулық сақтау технологиялары бойынша білім беру шарттарына;
5.Өздігінен білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
6.Қосымша білім беру қызметтерін алуға;
7.Ұсыныстар (оның ішінде заңнамалық бастамалар) енгізуге және
8.Мектеп қызметін жақсарту, оларды жою бойынша сын-ескертпелерді,оның жұмысындағы кемшіліктер;
9.Мектеп әкімшілігінің лауазымды тұлғалар немесе оқушылар тарапынан оқушылардың құқықтарының бұзылуы туралы шағымдары мен өтініштеріне;
10.Сабақтың оқу жоспарында көзделмеген іс-шараларға еркін қатысуға;
11.Оқудың кез келген кезеңінде барлық оқу жылы ішінде басқа оқу орнына ауысуға;
12.Тегін медициналық қызмет көрсетуге және оқу мақсаттары үшін кітапхана қорын, интернетті пайдалануға;
13.Аптасына 2 күн демалыс берумен, мұғалімдердің белгіленген үзіліс ұзақтығын сақтаумен және жыл сайынғы күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыстармен қамтамасыз етілетін демалысқа;
14.Мұғалімдердің бақылау жұмыстарының мерзімі мен көлемі туралы алдын ала хабардар етуіне және күніне 1 бақылаудан немесе 2 дербес немесе 3 жеке сұраудан артық жүргізбеуіне;
15.Қандай да бір баға қою себептері туралы мұғалімдерден түсініктемелер алуға;
жеке мінез-құлықпен, үлгеріммен байланысты мәселелерді талқылау кезінде жеке өзінің қатысуына ;
16.Өзіңіз туралы құпия ақпаратты сақтауға;
17.Сіздің жеке өміріңізге араласпау;
18.Физикалық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолданудан қорғауға;
19.Білім туралы құжаттарды алуға және оқу барысы туралы;
20.Мектеп оқушыларының ҚР заңнамасында, мектептің нормативтік актілерінде көзделген басқа да құқықтары бар.
ХІ Мектеп оқушыларының міндеттері:
1.Адал оқу;
2.мектептің ішкі тәртіп ережелерін білу және сақтау;
3.ҚР Әнұраны мен рәміздерін білу, оларға құрметпен қарау;
4.Мектепті басқару органдарының заңды шешімдерін, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің жарғымен және ішкі тәртіп Ережелерімен олардың құзыретіне жатқызылған талаптарын орындау;
5.Басқа адамдардың жеке басының қадір-қасиетін, көзқарастары мен нанымдарын құрметтеу, олардың құқықтарын сақтау;
6.Өз денсаулығына, қауіпсіздігіне және айналасындағылардың өміріне қамқорлық жасауға;
7.Мектеп меншігін ұтымды пайдалану және қорғау;
8.Мектепке келтірілген залалды түзету немесе өтеу;
9.Мектептің абыройы мен дәстүрлерін, оның беделін сақтау;
10.Мектепте және оның аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау.
ХІІ Сыныптан тыс шараларды өткізу кезіндегі тәртіп:
1.Қазақстанда немесе елден тыс мемлекеттерде өткізілетін шараларға оқушылар қатыспас бұрын қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулықтан өтуге міндетті;
2.Оқушылар жаппай шаралар өткізілу кезінде мұғалімнің, куратордың барлық нұсқауын қатал орындауы, жеке өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіретіндей, кез келген әрекеттерден бас тартуы тиіс;
3.Оқушылар мектепте және мектептен тыс жерлерде жоғары мәдениет иеленушілері болуы қажет және жергілікті дәстүрлерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді құрмет тұтуға міндетті, табиғатқа, жеке және топ мүліктеріне ұқыпты қарауы тиіс;
4.Оқушылар мектептің мәжіліс залында немесе ауласында болып жатқан концерт кезінде көрермен орнын іс-шараның аяқталғанға дейін тастап кетулеріне, концерт кезінде мысқылдап күлуге, қоқыс тастауға, бей-берекет күлуге, сағыз шайнауға РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.
5.Оқушылардың мектеп аумағында ашық түрде от жағуға (алаулар, шырақтар, отшашулар,шартылдақтар, оттар және т.б.), оттың жалындануына себепші болатын химиялық, пиротехникалық және басқа да жарық арқылы берілетін әсерлерді ұйымдастыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ХІІІ. Ата-аналардың және оларды алмастыратын адамдардың құқықтары мен міндеттері
ҚР «Білім туралы» Заңының 49- бабы 2-тармағына сәйкес АТА-АНАЛАР мен өзге де заңды өкілдер: 1.Білім беру ұйымының жарғысында айқындалған ережелерді;
2. Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындауға;
3.Білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтауға;
4.Балалардың оқу орнындағы сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Оқушылардың ата-аналары міндетті:
1.Оқушылардың лицей Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын бақылау;
2.Балалардың оқу мазмұнын сәтті меңгеруіне ықпал ету, мұғалімдермен және сынып жетекшісімен тығыз байланыста болу;
3.Лицей педагогтарымен, балалармен қарым-қатынаста әдеп нормаларды сақтау;
4.Лицейдің оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатысу;
5.Баланың мектеп мүлкін бүлдіргені үшін материалдық жауапкершілік алу;
6.Оқушыларды оқу үрдісінен алшақтатуға жол берілмейді (ҚР "Білім туралы"Заңының 47 бабы, 10 тармағы);
7.Ата-аналар лицейдің жарғысында белгіленген ережелерді орындауға міндетті (ҚР "Білім туралы"Заңының 49 бабы, 2 бөлімі, 3 бабы);
8.Әрбір ата-ана өз балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алып беруге және қадағалауға міндетті.
9.Өз балаларының сабаққа уақтылы қатысуын қадағалау
10.Баласының сабаққа кешікпеуін қадағалау
11.Тыйым салынған сайттарға кіруге жол бермеу.
12.Оқушылардың ата-аналарының құқықтары:
13.Баланы басқа білім беру ұйымына ауыстыруға;
14.Лицейдің қызметін жақсарту үшін ұсыныстар жасауға.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдеріне білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынады. Ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін мектеп әкімшілігі тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
ХІV. Қорытынды
Ішкі тәртіп ережелері педагогикалық кеңесте, ата-аналар мен кәсіподақ комитеттерінің бірлескен отырысында келісілген күннен бастап күшіне енеді.