ЖАЛПЫЛИЦЕЙІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАЛПЫЛИЦЕЙІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
03
сәуір
2026

ЖАЛПЫЛИЦЕЙІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде ата-аналармен тығыз байланысты нығайту, оқушылардың білім сапасын арттыру және тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында жалпылицейішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны қорытындыланып, алдағы маңызды кезеңдерге бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.
Жиналыс барысында лицей директоры Г.С.Абилдаева білім беру үдерісіндегі ата-ананың рөлін ерекше атап өтіп, бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Б.С.Донаева сөз алып, ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысын таныстырды. Ол оқушылардың оқу жетістіктері, үлгерім көрсеткіштері, білім сапасының динамикасы мен пәндер бойынша талдау жасап, жетістіктермен қатар, әлі де назар аударуды қажет ететін тұстарды атап өтті.
Келесі кезекте Ж.И.Сеитова лицей оқушыларының 2025–2026 оқу жылындағы жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардағы жетістіктері, ғылыми жобалардағы белсенділігі мен шығармашылық табыстары мақтанышпен айтылып, олардың нәтижесінде лицей абыройының артып келе жатқаны ерекше атап өтілді.
Үшінші мәселе бойынша Б.С.Донаева  қорытынды аттестация мен жазғы сессияға дайындық жұмыстары туралы баяндама жасады. Ол бітіруші сынып оқушыларын алда күтіп тұрған маңызды сынақтарға жүйелі түрде дайындау, қосымша сабақтар ұйымдастыру, психологиялық қолдау көрсету және ата-аналармен бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Төртінші мәселе аясында Е.В.Пузанкова оқу мотивациясының төмендеу себептеріне талдау жасап, оны арттырудың тиімді стратегияларын ұсынды. Ол оқушының қызығушылығын ояту, жеке қолдау көрсету, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану және ата-ананың қолдауының маңыздылығын нақты мысалдармен жеткізді.
Бесінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ж.М.Мылтықбек оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және жазғы лагерьді ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпарат берді. Оқушылардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету, сондай-ақ жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Алтыншы мәселе бойынша А.Е.Шайзулла оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы баяндап, мамандық таңдауда оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескеру, ерте бағыт беру, түрлі кәсіп иелерімен кездесулер ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
Келесі кезекте ДТЖЖО А.Т.Асилова “ Заң мен тәртіп”  қағидаты аясындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ата-аналарға мәлімет берді. 
Жиналыс соңында түрлі мәселелер қаралып, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, өз ойларын ортаға салды.
Қорытындылай келе, аталған жиналыс лицей мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына бағытталған нақты міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив