ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ЖҮЙЕЛІ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АЛАҢЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ЖҮЙЕЛІ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АЛАҢЫ
28
наурыз
2026

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ЖҮЙЕЛІ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АЛАҢЫ

Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде  педагогикалық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Кеңес жұмысы нақты деректер мен талдауларға негізделіп, баяндамашылардың мазмұнды есептері арқылы толық ашылды.
🔹 Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Болашақ көшбасшылар – бүгінгі жетістіктер» тақырыбында лицей оқушыларының жалпы жетістіктері туралы баяндама жасалып, Ж.И.Сеитова оқушылардың олимпиадалар, байқаулар және ғылыми жобалардағы жетістіктерін саралап, дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
🔹 Келесі мәселе бойынша Ж.И. Сеитова лицей мұғалімдерінің кәсіби өсу жетістіктеріне мониторинг жүргізіп, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары, семинарлар мен кәсіби байқауларға қатысу белсенділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
🔹 Үшінші мәселе аясында Ж.И. Сеитова педагогтердің аттестациядан өтуі туралы жалпы есеп ұсынып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігін жеткізді.
🔹 Төртінші мәселе бойынша оқу мотивациясының төмендеу себептері мен оны арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Ә.Б. Бектаева және Л.Е.Пузанкова білім алушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер мен заманауи білім беру технологияларын қолдану қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірді.
🔹 Бесінші мәселе бойынша ІІІ тоқсан қорытындысындағы білім сапасының нәтижелері сараланып, Б.С. Донаева және Д.И. Наушабаева оқу үлгерімін арттыруға бағытталған қосымша жұмыстарды (жеке жұмыс, консультациялар, ата-анамен байланыс) күшейту қажеттігін атап өтті.
📊 Педагогикалық кеңес қаулысы негізінде: ✔ Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру;
✔ Мұғалімдердің кәсіби дамуын үздіксіз жетілдіру;
✔ Аттестациядан сапалы өтуге әдістемелік қолдау көрсету;
✔ Оқу мотивациясын арттырудың тиімді жолдарын енгізу;
✔ Білім сапасын көтеру мақсатында кешенді жұмыстарды күшейту міндеттері айқындалды.
✨ Кеңес қорытындысы лицей ұжымының ортақ мақсатқа бағытталған бірлігін көрсетіп, сапалы білім мен саналы тәрбиені қамтамасыз етудегі жауапкершілігін айқындады. Әрбір қабылданған шешім – білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив