“БАЛА-БІЗДІҢ ЕРТЕҢІМІЗ !”ТАҚЫРЫБЫНДА 1 АУЫСЫМ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “БАЛА-БІЗДІҢ ЕРТЕҢІМІЗ !”ТАҚЫРЫБЫНДА 1 АУЫСЫМ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
15
қаңтар
2026

“БАЛА-БІЗДІҢ ЕРТЕҢІМІЗ !”ТАҚЫРЫБЫНДА 1 АУЫСЫМ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде«Бала – біздің ертеңіміз!» тақырыбында 1 ауысым сыныптарының ата-аналар жиналысы  ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті.
Жиналыс барысында ата-аналарға 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы, оның ішінде 2-тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы жан-жақты талданып, оқушылардың оқу жетістіктері мен алдағы міндеттері нақты айтылды. Әр сыныптың үлгерімі, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, 7–11 сынып оқушыларының қысқы сессиясының қорытындылары таныстырылып, білім алушылардың жауапкершілігі, өздігінен дайындалу дағдылары мен мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
9–11 сынып оқушылары үшін ББЖМ және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар таныстырылды. Дайындық кестесі, қосымша сабақтар, пән мұғалімдерінің қолдауы және ата-аналардың рөлі кеңінен түсіндірілді.
Жиналыс аясында лицейде жұмыс істеп жатқан үйірмелер мен спорт секцияларының қызметі сөз болып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызы айтылды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – «Бала – біздің ертеңіміз!» тақырыбындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары болды. Оқушылардың қауіпсіздігі, тәртіп пен жауапкершілік, ата-ана мен мектептің бірлескен тәрбиелік ықпалы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс соңында әртүрлі өзекті мәселелер талқыланып, ата-аналар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Кездесу ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті терең түсінуге ықпал етті.
👉 Бала – біздің болашағымыз, ал оның жарқын ертеңі – бүгінгі бірлескен еңбектің нәтижесі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив