ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қаңтар
2026

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС


 
       Лицейімізде білім сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және білім алушыларды қорытынды бағалау кезеңдеріне сапалы дайындауға бағытталған кезекті педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне сәйкес функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану, пәнаралық байланыс, эксперименттік және зерттеушілік дағдыларды дамыту, сондай-ақ ҰБТ-ға психологиялық дайындық мәселелері жан-жақты талқыланды.
🔹 Кеңестің алғашқы бөлімінде
И.О. Майлыбай 4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарына тоқталып, бастауыш сыныпта оқушылардың оқу, жазу, талдау, логикалық ойлау дағдыларын күнделікті өмірмен байланыстыра дамыту маңыздылығын атап өтті. Сабақ барысында мәтінмен жұмыс, тапсырмаларды саралау және практикалық бағыттағы әдістердің тиімділігі көрсетілді.
🔹 Екінші баяндамалар легінде
Г. Айдарова мен Н. Иргашева ББЖМ талаптарына сәйкес білімді нақты өмірлік жағдаятта қолдануға бағытталған тапсырмалар арқылы 4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын ұсынды. Олар оқушының алған білімін қолдану қабілетін бағалауда тапсырмалардың мазмұны мен құрылымына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
🔹 Үшінші бағыт бойынша
Б.С. Донаева білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын ұсынып, оқу процесінде белсенді әдіс-тәсілдерді, жобалық жұмыстар мен зерттеу тапсырмаларын жүйелі қолданудың нәтижелілігін дәлелдеді.
🔹 Жаратылыстану бағытындағы баяндамаларда
М. Мамбеталиева физика пәнін оқытуда эксперименттік тапсырмаларды қолданудың тиімділігіне тоқталып, оқушылардың эксперименттік зерттеу жүргізу барысында қалыптасатын бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдыларына сараптама жасады. Эксперимент арқылы оқушының пәнге қызығушылығы мен зерттеушілік мәдениеті артатыны атап өтілді.
🔹 География пәні аясында
С. Турапбаева мен Э. Ерескенова география сабағында картографиялық сауаттылықты арттыру жолдарын ұсынып, картамен жұмыс жасау дағдыларын бақылау мен бағалаудың тиімді тәсілдерімен бөлісті. Картамен жұмыс оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуда маңызды құрал екені айтылды.
🔹 Бағалау мен қорытынды дайындық мәселелерінде
М.К. Кайрбекова мен М. Салман ББЖМ, ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық барысында пәнаралық байланысты зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Пәнаралық ықпалдастық оқушылардың білімді жүйелі қабылдауына және кешенді ойлау дағдыларының қалыптасуына ықпал ететіні айтылды.
🔹 Кеңестің қорытынды бөлімінде
Ә.Б. Бектаева мен Е. Пузанкова оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық деңгейіне талдау жасап, емтихан алдындағы күйзелісті төмендету, сенімділік пен ішкі мотивацияны арттыру бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды.
📌 Педагогикалық кеңес барысында көтерілген мәселелер білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, білімді өмірде қолдана алатын, жан-жақты тұлға қалыптастыруға бағытталды. Кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы оқу үдерісінде жүзеге асыру жоспарланды.
✨ IT лицей ұжымы заманауи білім беру талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеу жолында жүйелі жұмысын жалғастырады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив