Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 16 қыркүйек 2025 ж., сағат 18:30-да, жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа әр сыныптың төрағалары мен орынбасарлары қатысып, тіркелу жұмыстары бірінші қабатта жүргізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
2024-2025 оқу жылы ерекшеліктері мен күрделі жөндеу қорытындысы – баяндамашы Абилдаева Г.С. Жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, лицей ғимаратындағы күрделі жөндеу нәтижелерімен таныстырды.
2025-2026 оқу жылындағы ішкі тәртіп ережелері, келісім шарт, мектеп формасы – Н.Р.Дусметова оқушылардың тәртіп мәдениеті, мектеп формасы және ата-аналармен келісім шарттың жаңа талаптарын түсіндірді.
Психологиялық қолдау орталығы және ДосболLike бағдарламасы – Ә.Б.Бектаева оқушылардың психологиялық саулығын нығайту, буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстарды таныстырды.
Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту – И.О.Майлыбай барлық оқушыларды сапалы тамақпен қамту тәртібі мен жаңа оқу жылындағы жоспарларды түсіндірді.
0-дік кесінділер қорытындысы және қосымша сабақ кестесі – Б.С.Донаева білім сапасын арттыру үшін жүргізілген өлшеулер нәтижесі мен қосымша сабақ кестесін ата-аналарға ұсынды.
Лицейдің 2025-2026 оқу жылындағы ЖИ және ІТ бағытын дамыту – Г.С.Нуржигитова жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар бағытында оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылатынын жеткізді.
Әр түрлі мәселелер – ата-аналардан ұсыныстар қабылданып, бірлескен шешімдер қабылданды.
Жиналыстың маңызы:Бұл жиын ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайтып, оқушылардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына бағытталған маңызды шара болды. Әр мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданып, ата-аналарға толық ақпарат берілді.
Бірлесе жұмыс істегенде ғана сапалы тәрбие мен нәтижелі білімге қол жеткіземіз!