Жалпы ата-аналар жиналысы – бала дамуы мен мектеп өміріндегі маңызды байланыс алаңы!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2025–2026 оқу жылының І тоқсанының қорытындысына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиын – ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайтып, білім мен тәрбие сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды кездесу болды.
Жиналыстың мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру, оқушының жеке тұлғалық дамуына ықпал ету және ата-аналардың мектеп өміріндегі белсенділігін арттыру.
Жиын барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
«Баланың жан-жақты дамуы – ата-ананың қолдауынан басталады» атты мазмұнды баяндама жасап, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мен жанұялық тәрбиенің маңызын педагог-психологтар Ә.Бектаева мен Е.Пузанкова кеңінен түсіндірді.
2025–2026 оқу жылы І тоқсанының қорытындысын мектеп директоры Г.С.Абилдаева талдап, оқушылардың үлгерім деңгейі, жетістіктері мен даму бағыттары бойынша нақты деректер мен нәтижелерді ұсынды.
Мектепішілік үйірмелер мен қосымша білім беру жұмыстары туралы Ж.И.Сеитова сөз алып, оқушылардың шығармашылық және технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған үйірмелер жұмысы таныстырылды.
ТЖБ және БЖБ қорытындыларына талдау жасап, оқу жетістіктерін саралаған Б.С.Донаева тоқсан нәтижесіндегі жетістіктер мен жақсарту бағыттарын көрсетті.
Қысқы сессияның өткізілу кестесімен Б.С.Донаева мен Д.С.Наушабаева таныстырып, ата-аналарға маңызды ақпараттар жеткізді.
Тәрбие жұмысының І тоқсан бойынша сараптамасын ДТІЖО Н.Р.Дусметова ұсынды. Ол оқушылардың азаматтық белсенділігі мен ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік іс-шаралардың нәтижелерін атап өтті.
Ыстық тамақтану мен логопед мамандардың есебі бойынша И.О.Майлыбай баяндама жасап, мектеп асханасындағы жағдай мен оқушылардың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстар туралы айтты.
Оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалану көрсеткіштерімен Г.С.Нуржигитова таныстырып, білім беру сапасын арттыруда цифрлық технологиялардың маңызын ерекше атап өтті.
Соңында әр түрлі сұрақтар қаралып, ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Бұл жиын – мектеп пен ата-ананың бірлесе әрекет етуінің айқын көрінісі.Бала дамуы – отбасы мен мектептің ортақ еңбегі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ата-аналарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!Бірлескен еңбегіміз – баланың жарқын болашағына бағытталған сенімді қадам!