Психология онкүндігі » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2024

Психология онкүндігі

«Білім беру процесіне қатысушылар арасында деструктивті көріністердің алдын алу» тақырыбында қалалық «Психология онкүндігінің»


ЕРЕЖЕСІ


Өзектілігі. Қазіргі таңдағы Балар әлемі – ол жылдам өзгерістер әлемі. Серпін, тосын, ақпаратқа қанық болу, даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер ашатын жаңа технологиялардың пайда болуы өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа қауіптер тудырады. Осының бәрі қазіргі балалық шақтың дамуының және отбасы өмірінің әлеуметтік жағдайының ерекшеліктерін өзгертеді.

Білім беру мекемесінің психологиялық қызметі білім беру процесіне қатысушылардың өмірінің дамуын қалыптастыруға көмектесуге, өскелең ұрпақты дамыту, балалар мен жасөспірімдерде үздіксіз білім берудің барлық кезеңдерінде даралығын,  балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуға оң мотивация жасау, балалардағы, жасөспірімдер мен жастардағы тұлғалық және әлеуметтік даму бұзылыстарының психологиялық себептерін анықтау, мұндай бұзушылықтардың алдын алу, мәдениетаралық қарым-қатынасты, қолайлы психологиялық көзқарасты қалыптастыруды қамтамасыз ету және стресске төзімділікті қалыптастыруға арналған.

Мақсаты: Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, денсаулығын сақтау және нығайту.

Міндеттері:

  1. Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру;
  2. Өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;
  3. Білім беру ортасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құруға, білім алушылардың тиімді әлеуметтенуі мен әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне ықпал ету;
  4. Білім беру қатынастарына қатысушылардың өзінің және басқа адамдардың психикалық денсаулығына жауапты көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайлар жасау;
  5. Білім беру жүйесінде психологиялық қызметті танымал ету және оның қолжетімділігін арттыру үшін жағдай жасау.

Күтілетін нәтижелер:  

  1. Білім алушылар өз шеберліктерін, шығармашылық, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуіне жағдай жасалады.
  2. Оқушылар мен ата-аналар психологиялық қызметінің жұмыс бағыттарымен және психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндіктерімен танысады.
  3. Білім алушылар мен білім беру қатынасының басқа қатысушылары психологиялық білімді мектепте және мектептен тыс күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері кеңінен дамиды.


Онкүндік ұраны «Әрбір сәт пен әрбір күн бақытқа толы, маңызды!»

Онкүндікті өткізу мерзімі:12-23 ақпан аралығы 2024 жыл





Онкүндікті ұйымдастырушылар мен қатысушылары


Психология онкүндігін ұйымдастырушылар - білім беру мекемелерінің педагог-психологтері. Олар іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге сынып жетекшілерін, пән мұғалімдерін, қосымша білім беру мұғалімдерін, медицина қызметкерлерін (қажет болған жағдайда) атсалысуға тартады. Психология онкүндігі іс-шараларын жүзеге асыруда бірлескен өзара іс-қимыл алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасайды, педагогикалық ұжымның тәрбие жұмысында біртұтас көзқарастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, білім беру ұйымының психологиялық қызметінің өзара іс-қимылын жақсартады. Бірлескен жұмысқа мектептің жоғары сынып оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымын, еріктілерді қосқан жөн.  Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар және педагогтер қатысады. 


Ақпараттандыру жұмысы

1кезең: мақсаты– мүмкіндігінше көп қатысушыларды хабардар ету.

- алдағы іс-шара туралы хабарландыру, ақпараттық стенд («психологиялық қабырға»), мұғалімдер мен ата-аналар чаттары, білім беру мекемесінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі топтарда ақпаратты орналастыру;

2 кезең: мақсаты – қатысушылардың қызығушылығын сақтау. 

- қызықты оқиғаларды уақтылы еске салу; психологиялық білімнің артуы (психология саласындағы әйгілі қайраткерлердің дәйексөздері жазылған плакаттар түрінде); білім беру қатынастары қатысушылары үшін буклеттер, жадынамалар, көшірмелер, мектептегі психологиялық кеңес беру туралы ақпараты бар плакаттар, сенім телефондарды дайындау.

3-кезең: мақсаты – білім беру қатынасы қатысушыларынан кері байланыс жинау.

- сауалнамалар, рефлексиялық нысана, көңіл-күй тақталары және т.б. жүргізу.






















Онкүндікті өткізу

Жоспары


Іс-шара атауы

Қатысушылар

Жауаптылар

1 күн. 12.02.2023 ж.

1

Онкүндіктің салтанатты ашылуы

1-11 сыныптардың білім алушылары, педагогтер

Мектеп басшысы, педагог-психологтер, әлеуметтік педагог

2

Онкүндіктің жоспарын жасау

1-11сыныптары мен педагогтер

Педагог-психологтер

3

Мектеп оқушыларына, педагогтеріне, сынып жетекшілерге, ата-аналар чатына, әлеуметтік желілерге хабарлама беру

Мектеп басшылығы

Мектеп басшылығы, педагог-психологтер

күн. 13.02.2023 ж.

1

Акция «Қуаныш сыйлаймын»

көңіл күй тақтасы

1-11 сыныптардың білім алушылары, педагогтер, сынып жетекшілер

Педагог-психологтер

2

«Мен және сынып» тақырыбында эссе

6-9 сынып білім алушылары

Қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдері

күн. 14.02.2023 ж.

1

Акция «Игі істер гирляндасы» видео жасау

3-11 сынып білім алушылары

Өзін өзі басқару ұйымы

2

Интеллектуалды ойындар мен жаттығулар «Ақылдың қайнары»

6-сынып білім алушылары

Математика пәні мұғалімдері

3

Психологиялық ойындар

«Өзін-өзі  бағалауды көтеруге арналған жаттығулар» 

10-11 сынып білім алушылары

Педагог-психологтер

4

Кіріктірілген сабақ

«Мейірім  - денсаулық сәулесі» (салауатты өмір салты)

1-4 сынып білім алушылары

Медбике, биология пәні мұғалімдері

күн. 15.02.2023 ж.

1

Акция

«Тәтті тілектер қобдишасы»



8-9 сынып білім алушылары, педагогикалық ұжым, сынып жетекшілер, ата-аналар

Сынып жетекшілер

2

«Досыма ерекше сыйлық» өз қолымен сыйлық жасау



5-7 сынып білім алушылары, педагогикалық ұжым, ата-аналар (заңды өкілдері)  

Еңбек сабағы мұғалімдері 

3

Арт-шеберханасы

«Мандалатерапия»

9-11 сынып білім алушылары, педагогикалық ұжым, ата-аналар (заңды өкілдері)  

Педагог-психологтер,

5 күн. 16.02.2023 ж.

1

Плакаттар галереясы

 «Жақсы көңіл құпиясы» 

5-7 сынып білім алушылары 

Әлеуметтік педагог

2

Дебат 

«Жасөспірімнің ересекпен қарым-қатынасындағы мәдениеттің орны»

7-9  сынып білім алушылары

Тәлімгер

3

Интеллектуалды ойын 

«Менің елім, менің жерім»

7-11 сынып оқушылары

География  пәні мұғалімдері

6 күн. 19.02.2023 ж.

1

Сыныптың бірігуіне, ынтымақтастығын қалыптастыруға арналған ойындар «Ынтымағы жарасқан команда»

5-11 сынып білім алушылары

Сынып жетекшілері 

2

«Бала деген осындай»

сахналық көрініс

1-4 сынып білім алушыларының ата-аналары (заңды өкілдері)

Сынып жетекшілер 

3

«Отбасындағы құрмет» сахналық көрініс

5-6 сынып білім алушылары

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

7 күн. 20.02.2023 ж.

1

«Жақсы сөз – жарым ырыс» 

күні бойы жақсылық жасау және жақсы сөз айту акциясы

1-11 сынып білім алушылары, педагогикалық ұжым, педагогтер, сынып жетекшілері, ата-аналар

Мектеп басшысы, орынбасарлар Педагог-психологтер

Сынып жетекшілер

Мұғалімдер

2

«Нейрожаттығулар»

Фото, видео жасау


1-4 сынып білім алушылары

Логопед пен дефектологтар

3

«Денсаулық – зор байлық»

9-11 сынып білім алушылары 

Дене шынықтыру пән мұғалімдері

8 күн. 21.02.2023 ж.

1

Фотогалерея 

«Менің отбасым»

3-4 сыныптар, педагогикалық ұжым, ата-аналар

Педагог-психологтар 

2

«Отбасында жасөспіріммен қарым-қатынас ерекшеліктері» жадынама видеороликтер


5-9 сынып білім алушыларының ата-аналарына (заңды өкілдері) 

Педагог-психолог

9 күн. 22.02.2023 ж.

1

«Менің Қазақстаным!» көрмесі


5-8 сынып білім алушылары

Кітапханашылар

2

Тренинг «Шын достық» 

8-10 сынып білім алушылары 

Педагог-психологтер

10 күн. 23.02.2023 ж.

1

«Рефлексивті нысана»

Онкүндіктің салтанатты жабылуы

4-11 сынып оқушылары

Мектеп басшысы, орынбасарлар, педагог-психологтер, ата-аналар комитеті, педагог-психологтер, сынып жетекшілері. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив