« ҰСТАЗҒА АЛҒЫС » АПТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2025

« ҰСТАЗҒА АЛҒЫС » АПТАЛЫҒЫ

        
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде дәстүрге айналған «Ұстазға алғыс» апталығы аясында ұстаздарымызды ерекше мерекелік көңіл-күймен қарсы алу игі бастамаға ұласты. 🌸
Белсенді оқушылар ұстаздарын ыстық ықыласпен күтіп алып, «Ұстазға тосын сый!» тақырыбында 1-4  сынып  оқушылары өз қолдарымен жасаған өнер туындыларын тарту етті. Бұл – шәкірт жүрегінің шынайы ризашылығы мен ұстазға деген алғысының көрінісі болды.
📌 Іс-шараның басты құндылығы –
Ұстаз еңбегін дәріптеу,
Риясыз алғыс пен құрметті насихаттау,
Шәкірт пен ұстаз арасындағы сенім мен сыйластықты нығайту.
Ұстаздарымыздың мерейін үстем еткен бұл күн – жүрекке жылу, көңілге қуаныш сыйлаған сәтке айналды. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив