28
сәуір
2026
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 28.04.2026 жылы оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында кешенді профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған шараға лицей әкімшілігі, ДТЖЖО Н.Р.Дусметова, А.Т. Асилова, педагог-психологтар Ә.Б.Бектаева, Е.А.Пузанкова оқушылармен мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында кездесетін өзекті мәселелер – буллинг, кибербуллинг, бопсалау, түрлі қысым көрсету фактілері, жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу, есірткі заттарын пайдалану мен тарату қаупі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары кеңінен түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының мамандары нақты мысалдар келтіре отырып, құқықбұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, әрбір әрекеттің құқықтық бағасы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу аясында дөңгелек үстел форматында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Педагог-психологтар тарапынан психологиялық қауіпсіздік, қысымға қарсы тұру, өз құқықтарын қорғау, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Жоқ деп айта білу», «Қауіпсіз мінез-құлық дағдылары», «Саналы таңдау – жарқын болашақ кепілі» тақырыптары аясында кеңестер берілді.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, қауіпті әрекеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Осындай кешенді жұмыстар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың азаюына, олардың қауіпсіз әрі саналы ортада білім алуына оң ықпал ететіні сөзсіз.






