СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
30
наурыз
2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекелері қарсаңында ата-аналар тарапынан педагог қызметкерлерге сыйлық беру, сондай-ақ ұстаздар тарапынан сыйлық қабылдау, мерекелік кештер мен түрлі мақсаттарға байланысты ақша жинау әрекеттеріне қатаң түрде тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Бұл талаптар білім беру ұйымдарында ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Түсіндірме барысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №384-VI Заңының талаптары негізге алынып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабы «Пара алу» нормалары кеңінен түсіндірілді. Аталған бапқа сәйкес, заңсыз сыйақы алу қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні, бұл әрекеттердің қоғамға, білім беру саласының беделіне кері әсер ететіні ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Р. Дусметова лицей ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, әрбір педагогтың жауапкершілігін және заң талаптарын сақтау маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, лицейішілік  бұйрықпен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, барлық қызметкерлер құжатпен танысып, қол қойды.
Аталған жұмыстардың басты мақсаты – білім беру ұйымында адалдық, парасаттылық, заңға бағынушылық қағидаттарын қалыптастыру, педагог мәртебесін көтеру және оқушыларға үлгі болатын таза, әділ орта құру болып табылады.
Лицей ұжымы алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, ашықтық пен сенімге негізделген білім беру кеңістігін қалыптастыруға өз үлесін қоса бермек.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив