27
наурыз
2026
“ БЕСІККЕ САЛУ” ДӘСТҮРІ КӨРІНІС БАСТАУЫШ СЫНЫП КАФЕДРАСЫ
AMANAT партиясының ұйымдастыруымен өткен Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шараға Әл -Фараби ауданынан лицейіміздің бастауыш сынып кафедрасы белсенді түрде қатысып, “Бесікке салу” дәстүрін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге атсалысты.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы халқымыздың бірлігі мен татулығын нығайтып, береке мен ырыс әкелетін ерекше мереке. Мерекелік шара барысында ұлттық құндылықтар насихатталып, қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылды.
Осындай игі шараны ұйымдастырған партия өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр шаңыраққа бақ-береке тілейміз!





