“АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ ! “ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ ! “ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ
18
наурыз
2026

“АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ ! “ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Наурызнама жоспарына сай 17 наурыз күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік концерттік бағдарлама  ұйымдастырылып өткізілді.
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың салт-дәстүрге деген құрметін арттыру мақсатында өткен бұл іс-шара мазмұны жағынан ерекше тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор болды.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар ұлттық рухты сезіндіретін театрландырылған көріністерді сахналап, қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін көрермендерге әсерлі түрде жеткізді. Сонымен қатар, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылатын ән мен би орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бағдарламада көктемнің жаңаруын, табиғаттың оянуын бейнелейтін көркем қойылымдар ұсынылып, халқымыздың бірлікке, татулыққа, ізгілікке үндейтін Наурыз мерекесінің мән-мағынасы кеңінен ашылды. Оқушылар ұлттық киім киіп, ата дәстүрді жаңғыртып, сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.
Мерекелік іс-шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың рухани дамуына ықпал ететін тағылымды шаралардың бірі болды.
Осындай игі шараларды ұйымдастыру арқылы лицейімізде өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, мәдени мұраны насихаттау, дәстүр сабақтастығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.
✨ Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын! Ақ мол болсын, ырыс-береке әр шаңыраққа орнасын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив