18
наурыз
2026
17-НАУРЫЗ “ ШАҢЫРАҚ “ КҮНІНЕ ОРАЙ “ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 17.03.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен 7 “Ғ” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Оспанова Әлбина Бекболатқызы мен Наурызнама онкүндігі аясында сынып оқушыларымен «Отбасы – бақыт мекені!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасы туралы өз ойларымен бөлісіп, мақал-мәтелдер айтып, түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы туралы әңгіме қозғалып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтылды.
Оқушылар отбасы – әр адамның тірегі, қуанышы мен бақыты екенін түсініп, бір-біріне жылы тілектер білдірді. Іс-шара өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.









