8 НАУРЫЗ – ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 НАУРЫЗ – ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТ
07
наурыз
2026

8 НАУРЫЗ – ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТ

2026 жылдың 6 наурыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің акт залында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған әсерлі әрі мазмұнды концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараның басты мақсаты – лицейдің ардақты педагогтерін мерекемен құттықтау, білім алушылар мен ұстаздар арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. 🌸
Мерекелік кешті бастауыш сынып оқушылары Нурали мен Дария жылы лебіздерімен ашып, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Оқушылар аналар мен ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Салтанатты кеш барысында лицей директоры Гульназ Сайлауовна ұстаздарды мерекемен құттықтап, педагог мамандығының қоғамдағы маңызды рөлі мен ұстаздардың ерен еңбегіне алғыс білдірді.
Концерттік бағдарлама оқушылардың өнерімен жалғасын тапты. Көрермендерге мектеп хорының әсем әндері, домбыраның күмбірлеген күйі, оқушылардың нәзік билері және әсерлі мәнерлеп оқу номерлері ұсынылды. Әсіресе домбыра үйірмесінің жетекшісі, лицей түлегі Бекжан ағайдың орындауындағы ән мен лицей ер азаматтарының құттықтауы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Сонымен қатар 5-сынып оқушыларының ән-би композициясы, 10-сынып қыздарының көркем биі және «Ана» тақырыбындағы әсерлі өлең жолдары кештің мазмұнын тереңдете түсті. Бұл өнер көрсетілімдері ананың мейірімі мен әйел затының қоғамдағы қадір-қасиетін дәріптеп, көрермендердің жүрегіне ерекше жылулық сыйлады. 💐
Мерекелік концерттің соңында лицей әкімшілігі атынан Гульназ Сайлауовна мен директордың орынбасарлары ұстаздарға арнап ән шашу ұсынып, кештің сәнін кіргізді.
Осындай тағылымды кеш арқылы оқушылар аналарға, ұстаздарға деген құрмет пен алғысын білдіріп, мейірімділік, ізет, сыйластық сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады. Мерекелік кеш барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көктемнің шуақты лебін сезіндірген әсерлі шара болды. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив